Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын көлiк құралдарын, жүктердi, жолдарды, жол құрылыстары мен басқа құрылыстарды немесе өзге де мүлiктi бүлдіруге әкеп соққан, материалдық залал келтiрген бұзушылығы)  К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жүргізуші К. Ақтау қаласы 29-шағын ауданындағы "Нұрас" жанар-жағармай стансасына қарсы тас жолда «Renault Logan» маркалы автокөлігін жүргізіп келе жатып, Жол қозғалысы Ережелерінің 13.5 тармағын бұзып, реттелген бағдаршамның жасыл түсінен өтіп, солға бұрылу кезінде қарсы бағытта келе жатқан "Hyundai Accent" маркалы автокөлігіне жол бермей соққан. Нәтижесінде, "Hyundai Accent" маркалы автокөлігіне материалдық залал келтірген.

Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған бап негізінде кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде оған көлік құралын басқару құқығынан 9 айға айыру жазасы тағайындалған.

Қаулы занды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі