БАҚ үшін ақпарат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотының 13 ақпан  2023 жылы шешімімен талап қоюшылар А., Ж., Б., Н., С., М., А., Қ. жауапкер «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына келтірген еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты заңсыз деп танып, оны бұзу, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру, амалсыздан жұмысқа шықпаған күндері үшін жалақы өндіру туралы талап қоюлары қанағаттандырудан бас тартылды.

14 қыркүйек 2022 жылғы Мұнайлы аудандық сотының шешімімен Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Маңғышлақ станциясында Маңғыстау облыстық  Денсаулық сақтау басқармасының «Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы» ШЖҚ МКК-ның жұмыскерлерінің 2022 жылғы 11 қыркүйекте сағат 08:30-да басталған ереуілі заңсыз деп танылған болатын. Талап қоюшылар  ереуілді 2022 жылдың 11 қыркүйегінде бастап, 16 қыркүйек күні тоқтатқан. 

Өз кезегінде, яғни  14 қыркүйек 2022 жылғы ереуіл заңсыз деп танылғаны жөніндегі соттың шешімін жауапкер тарапы талап қоюшыларға ауызша хабарланған. 15 қыркүйек 2022 жылы сағат 10.30-да жұмыс беруші соттың шешімін жұмысшылардың назарларына тағыда жеткізіп, олардың тарауын өтінген.

Бұл тұрғыда жұмысшылар сот шешімін назарға алмай, өздерінің ереуілді жалғастырумен байланысқан іс-әрекеттерімен жұмыстан босауға әкеп соқтыратын салдарлар туғызған.

16 қыркүйек 2022 жылғы жұмыс берушінің бұйрықтарымен талап қоюшылар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің  52 - бабының  1-тармағының 22) - тармақшасының негізінде, яғни соттың ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімі жұмыскердің назарына жеткізілгеннен кейін олардың  ереуілге қатысуды жалғастырғаны үшін 15 қыркүйек 2022 жылдан бастап жұмыстан босатылған.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі