Тараптар татуласу келісіміне келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында екінші деңгейлі банктің У. есімді азаматтан қарыз ақшаны кепілге қойылған мүліктен сот тәртібімен өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкер тарапынан банкке несие төлемдерін төлемеу салдарынан қарыз пайда болған, ал талапкер тарапы қарызды кепілге қойылған мүліктен сот тәртібімен өндіру туралы сотқа талаппен жүгінген.

Сот талқылауы барысында тараптар татуласу келісіміне келіп, оның талаптары бойынша жауапкер қарыз сомасы 4 662,46 АҚШ долларын және дебиторлық қарыз сомасы 7 000 теңгені айдың соңына төлеуге міндеттенген, ал өз кезегінде талапкер негізгі мерзімі өткізілген қарызға есептелген айыпақыны 100% және сыйақы сомасы 609,8 АҚШ долларын есептен шығаруға келіскен.

Сот, тараптар арасындағы татуласу келісімі заңға қайшы келмейтінін және олардың мүддесіне сай жасалғанын, келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, татуласу келісімін бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі