Студенттер Елбасы мақаласын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Қайнар» колледжінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты тақырыпта кездесу өтті.

Іс-шараға Ақтау қаласының мамандандырыған әкімшілік сотының судьясы Алтай Қонысов, студенттер, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында сөз алған Алтай Қонысов  Елбасы ұсынған мақаланың негізгі бағыттарына шолу жасады. Сондай-ақ, ол аталған мақалада мемлекетіміз мықты, біртұтас ел болуы үшін болашаққа қалай қадам басу жолдары ұсынылғандығын айтып, еліміз рухани жаңғыру арқылы біртұтас ұлт болуға, жаңа көлемді міндеттерді алып отырғандығын тілге тиек етті.  

«Ұлт Көшбасшысы ұсынған мақалада жаңа заман көшіне ілесіп, өркениетті ел болу үшін ұлттық сананы сақтау мен өрістетудің нақты жолдары  көрсетілген. Білімді жастардың болашағы жарқын. Сондықтан, уақытты құр өткізбей, кітаппен дос болғанымыз абзал. Латын әліпбиіне көшетін күнде алыс емес. Себебі, парламентте қазақ тіліне арналған жаңа латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылды», - деді Алтай Қонысов.

Кездесу қорытындысы бойынша сұрақ қойған әрбір студенттің сұрағы жауапсыз қалмады.

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі