Мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 2-бөлігімен (мұнайдың және мұнай өнімдерінің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды бірнеше рет тасымалдау, иемдену, өткізу, сақтау)  Д-ға және Т - ға қатысты  қылмыстық іс қаралды. 

Сотта анықталғандай, сотталушылар  Д. және Т. Қарақия ауданы, Құрық елді мекені аймағында ешқандай шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өнімдерін иемденіп, сақтап, тасымалдап және оны өткізіп келген.

 Сот үкімімен сотталушылар  Д. мен Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 197-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық әрекеттерді жасағаны үшін  кінәлі  деп танылып, олардың әрқайсысына екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Источник: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі