Сотпен медиациялық келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №2 сотымен Е.Х.Меркешотің   «РЭП» ЖШС-нен құжаттардың көшірмелерін мәжбүрлеп алдыру туралы азаматтық ісі қаралды.

Соттан талапкер Е.Х.Меркешов  жауапкер «РЭП» ЖШС-нен пәтер иелерінің жазбаша дауыс беру арқылы жасалған хаттаманың көшірмесін мәжбүрлеп алып беруді  сұраған.   

Сот отырысы барысында іске қатысушы тараптар азаматтық іс бойынша медиативтік келісімге келіп, олар соттан араларында жасақталған медиативтік келісімін бекітіп, азаматтық істі сот өндірісінен қысқартуды сұраған. Медиативтік келісімге сәйкес  жауапкер  талапкерге пәтер иелерінің жазбаша дауыс беру арқылы жасалған хаттаманы және басқа да тиісті құжаттарды сот ғимаратында әкеліп таныстыруға, ал талапкер өз кезегінде тиісті құжаттармен сот ғимаратында танысатын болып келісті.

Сондықтан іске қатысушы тараптардың арасында жасалған медиативтік келісімі бекітіліп, тараптардың арасындағы дауға нүкте қойылды. Тараптардың бітімгершілік келісімге келуіне байланысты азаматтық іс сот өндірісінен қасқартылды.

Ұйғарым қазіргі таңда заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі