Маңғыстау облысының Түпқараған аудандық соты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Республиканың жергілікті соттары да Ата Заңымыздың аясында еліміздің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына өз үлестерін қосып келеді. Сот әділдігін жүзеге асырудың жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында интернет жүйесінде Түпқараған аудындық сотының арнайы сайты ашылды. Бүгінде егеменді еліміздің сот саласы - қауқарлы да қуатты, тәуелсіз біртұтас жүйеге айналып келеді. Бұл жұмыс талай уақыттан бері атқарылып келе жатқан сот-құқықтық реформалардың берген нәтижесі деп нық сеніммен айтуға болады. Қазақстандағы әділеттіліктің салтанат құруы мен тәуелсіз сот жүйесінің қалыптасу жолында көптеген жұмыстар атқарылғаны белгілі. Бұл сайтта Түпқараған аудандық сотының қабылдаған заңды күшіне енген сот актілері жарияланады. Сонымен қатар, сот қызметкерлері соттарда жүзеге асырылып жатырған іс-шаралар жөнінде баспасөз бетінде мақалалар жариялап, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тығыз байланыста болып келді. Бұл өз кезегінде сот ісінің жариялылығы мен ашықтығы, еліміздің әрбір азаматының әділ сотқа еркін қол жеткізу арқылы жүгінуге, өзінің конституциялық құқығын қорғауға және кедергі болатын барлық жағдайларды толығымен жоюға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.