Жалған мемлекеттік тіркеу белгісін орнатып, көлік жүргізген
20/09/2017
Түпқараған аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігімен (көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, К. «Ақтау-Форт-Шевченко» тас жолының 20 шақырымында өзінің басқаруындағы автокөлігіне «090 НАА 12» санды көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу белгісін орнатып басқарған.
Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 45 380 теңге айыппұл салынды.
Источник:
Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі