Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келді
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Валекс» ӨК-нің «Компания «Найза-құрылыс» ЖШС-нен 1 279 009 теңге қарыз ақшаны және сот шығындарын өндіру туралы талап арыз қаралды. Азаматтық іс бойынша тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен төменде көрсетілген шарт бойынша шешуді ұсынған. Жауапкер «Компания «Найза-құрылыс» ЖШС атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойып, 2017 жылдың 15 қыркүйек айына дейін талап қоюшының есеп шотына 1 279 009 теңге ақша төлейді.Тараптар дауды медиация тәртібімен шешу жөнінде келісімге келуіне байланысты талап қоюшы талап арыздан, соның ішінде 10 000 теңге заң көмегі үшін төлеген шығынын өндіріп беру туралы талабынан бас тартады. Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасауларына байланысты соттан оны бекітуді сұрады. Сот, тараптар жасаған келісіммен танысып, оның үшінші жақтың құқығына нұқсан келтірмейтінін, өзінің мазмұны бойынша заңға қайшы келмейтінін ескеріп, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.
Талап қоюшыға талап арыз берген кезде төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.
Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірісі қысқартылды.