Сот шешiмiн орындамағаны үшін айыппұл салынды
21/04/2017
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, сот ұйғарымына сәйкес А-дан Р-ның пайдасына 1 095 700 теңге қарыз сомасы өндірілген. Алайда, А. сот орындаушысынан бірнеше рет ескерту қағазын ала тұра, осы күнге дейін сот ұйғарымын орындаудан жалтарған.
Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге айыппұл жазасы қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Источник:
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі