Сотқа құрметтемеушілік білдірген
14/06/2016
Маңғыстау облысы, Маңғыстау аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша Түпқараған ауданының тұрғыны Д. жөнінде қаулы шығарылған.
Сотта анықталғандай, азамат Д.Маңғыстау аудандық сотының өндірісіндегі азаматтық іс бойынша жауапкер ретінде бірнеше рет шақыртылған. Алайда, ол сотқа шақырылғанын біле тұра және сотқа шақыру қағазын ала тұра сотқа келмей, сотқа келмеу себептерін түсіндірген жоқ.Азамат Д. өзінің іс – әрекетімен сотқа деген құрметтемеушілік білдірген.
Сот қаулысымен азамат Д. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК–нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол осы бап бойынша 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған.
Қаулы заңды күшіне енді.
Источник:
Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі