9 жылға бас бостандығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен, 188-бабының 1-бөлігімен сотталушы «Р»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай сотталушы «Р» өз әйелін жәбірленуші «П»-дан қызғаныш үстінде, 30.12.2020 жылы сағат 20.00 шамасында, жәбірленуші «П»-ның пәтеріне барып, есігін қаққанда жәбірленуші есікті ашқан бойда жұдырығымен оны ұрып құлатып, оның бетіне, денесіне аяқ-қолдарымен ұрып-соғып, соңғысының қазаға ұшырағанына әбден көзін жеткізген.

«Одан әрі, «Р» өзінің қасақана қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, «П»-ның өлгеніне көз жеткізіп, оның 20 000 теңге тұртын «Нокия» маркалы ұялы телефонын жасырын жымқырып, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен «Р» Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен, 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 9 /тоғыз/ жыл жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі