Мекемеге тиесілі көпірді ұрлаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б. қасақана, пайдақорлық ниетпен, бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында Жаңаөзен қаласы, теміржол бекетінің №13 өрт сөндіру бөлімінің күзетілетін аймағындағы  жылу қазандығы ғимаратының жанында тұрған «Қазақстан темір жолына» тиесілі ұзындығы 14 метр, ені мен  биіктігі 2 метр  және жалпы салмағы 12 тоннаны құрайтын темірден жасалған апаттық жағдайда темір жолда қолданатын суға арналған көпірді жүк көлігіне тиеп, жасырын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.  Осылайша Б. «Қазақстан темір жолына»  708 750 теңге материалдық залал келтірген.

Жаңаөзен қалалық сотының үкімімен Б.Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 505000 теңге айыппұл жазасы тағайындалды. Ұрланған көпір мекемеге қайтарылды.

 Үкім заңды күшіне енген жоқ.

(Сурет ғаламтордан алынды).

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі