Сот ғимаратына азаматтардың келіп-кету ережесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот ғимаратына азаматтардың келіп-кету ережесі

Республика соттарының ғимараттарында (үй-жайларында) азаматтардың жүріп-тұруы туралы

Осы Ереже азаматтардың сот ғимаратында және солардың ішінде үй-жайларға келген кездегі мінез-құлығының нормаларын белгілейді және орнатылған тәртіп пен судьялар мен сот аппараттары қызметкерлерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.

Сот ғимаратындағы мінез-құлық ережелері Қазақстан Республикасының аумағындағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыру рәсімін заң нормаларына сәйкес және азаматттардың сот қорғауына конституциялық құқығын іске асыру мақсатында жасалған.

1.Жалпы ережелер

1.1 Сот ғимараттары және үй-жайлар деп-судьялар мен сот аппараттарының қызметкерлері ішінде ұдайы жүретін және қызметтік міндеттерін атқаратын жеке ғимараттар (құрылыс) немесе солардың ішінде орналасқан үй-жайларды түсінген жөн.

Сот мәжілісінің залдары мен судьялардың және сот аппараттары қызметкерлерінің қызмет бөлмелерімен қатар, сот істерін (кеңселер мен сот мұрағаттары), құжатнама мен материалдық-техникалық құндылықтарды (гараждар, қоймалар, заттай айғақтарды сақтау камералары) сақтауға арналған үй-жайлар және ортақ пайдаланыс орындар (дәліздер, холлдар, буфеттер, дәретханалар, баспалдақтар және т.б.) сот ғимаратына жатады.

1.2. Сотта жұмыс істемейтін, сот ғимаратына (үй-жайына) уақытша келген әрбір жеке тұлға сотқа келуші болып табылады.

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғалар, егер олардың келуі судьялардың және сот аппараттары қызметкерлерінің міндеттерін атқаруға кедергі келмесе, сот ғимаратында (үй-жайларында) ата-анасының (жақын туысқандарының, қорғаншыларының немесе оқытушыларының) қасына еріп қана кіре алады.

1.3. Сот ғимараттарында (үй-жайларында) орнатылған тәртіп деп:

1) республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыру рәсімін;

2) судьялардың және сот аппараттары қызметкерлерінің нақты сот істерін қараумен байланысты емес қызметін;

3) азаматтардың қоғамдық орындардағы мінез-құлығының нормаларын реттейтін Қазақстан Республикасы заңдары және өзге де құқықтық актілері талаптарының жиынтығын түсінген жөн.

1.4. Сот приставтары мен сот аппараттарының қызметкерлері, Қазақстан республикасы Ішкі істер министірлігінің Республикалық бас басқармасының Мамандандырылған Күзет Қызметінің кезекші қызметкерлері сот ғимараттарында (үй-жайларында) қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады және де орнатылған тәртіпті сақтау жөніндегі олардың заңды талаптары сотқа келушілерге міндетті болып табылады.

1.5. Сотқа келушілер жеке басын куәландыратын немесе оның орнына ұсынылатын басқа құжатты, сондай-ақ рұқсат қағазын беру бюросында берілген арнайы рұқсат қағазды көрсеткен кезде сот ғимаратына өткізіледі.

1.6. Келушілер әрбір нақты сотта белгіленген ішкі күн тәртібіне сәйкес сот ғимаратына жіберіледі. Түскі үзіліс кезінде, жұмыс күні аяқталғаннан кейін және демалыс күндеріне сот ғимаратында келушілер жіберілмейді.

1.7. Қару және басқа да рұқсат етілмеген заттарды өткізуіне жол бермеу үшін сот ғимаратында кіретін келушілер арнайы жабдықталған тексеруден өткізіледі. Қажет болған жағдайда жеке заттары да тексеруден өткізіледі.

1.8. Қызметтік куәліктің белгіленген нұскасы бойынша жұмыс уақытында сот ғимаратына кіруге құқығы бар тұлғалар:

1) Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьялары, сот аппараттарының кеңсе мен сот әкімшілігінің қызметкерлері;

2) Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-министірінің қол қойынған қолданыстағы қызметтік куәліктері бар лауазымды тұлғалар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, облыстық, аудандық(қалалық) мәслихаттарының депутаттары;

3) Прокурорлар-нақты істерді қарауға қатысу үшін ұсынылған тізімге сәйкес;

4) Сот процесіне қатысушы адвокаттар (өкілдері) – ордер немесе олардың құқықтарын растайтын басқа да құжаттарды көрсеткен кезде;

5) Ашық сот және ресми шараларға қатысуға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

1.9. Өрт шыққанда немесе апат кезінде өрт сөндіру және апатты басу қызметінің бөлімшелері, сот ғимаратындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін оқиғалар болғанда полиция және «Жедел жәрдем» қызметкерлері ғимаратқа кедергісіз өтеді.

2.Сотқа келушілердің құқықтары

2.1. Сотқа келушілердің ішінде сот талқылауына қатысуға шақырылған тұлғаларға жалпы құқықтарынан басқа процессуалдық құқықтары бар екендігі бойынша төрағалық ететін судья немесе соттың аппарат қызметкерлері түсіндіреді.

2.2. Сотқа келушілер сот төрағасының өкімімен берілген қабылдау күндері мен сағаттары бойынша сот төрағасының қабылдауына келуге, сот кеңсесіне талап арыздар мен өзге де құжаттарды тапсыруға және сондай құжаттарды жұмыс күндері алуға құқылы, басқа елді мекендерден сотқа келген азаматтар жұмыс күні ішінде қабылданады.

2.3. Сотқа келушілер сот құжаттарының үлгілері стендін пайдалануға және соттың өндірісіндегі істердің қаралатын күні мен уақыты туралы ақпарат алуға құқылы.

3.Сотқа келушілердің міндеттері

3.1. Келушілер соттардың үй-жайларында болған кезде;

1) сот қызметінің белгіленген тәртібі мен қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларын сақтауға;

2) судьяларға, сот аппараттары қызметкерлеріне, сот приставтарына және де басқа сотқа келушілерге құрметтеушілік көрсетпеуге;

3) судьялардың, сот аппараттары қызметкерлерінің, сот приставтарының заңды талаптары мен өкілдерін орындауға;

4) судьялардың, сот аппараттары қызметкерлерінің, сот приставтарының қызметтік міндеттерін тиісті түрде орындауға кедергі келтірмеуге;

5) сот төрағасының қабылдауында және сот кеңсесінде кезек сақтауға;

6) сот мәжілісінің хатшыларына өзінің сот процесіне қатысушы куә, маман, сарапшы және тағы басқалар ретінде келгені туралы хабарлауғы;

7) сот мәжілісінің залына шақырылғанға дейін сот приставы немесе сот мәжілісінің хатшысы көрсеткен немесе сол үшін бөлінген орында болуға;

8) соттардың мүлігіне ұқыпты қарап, сот ғимараттарында (үй-жайларында) тазалық, тыныштық пен тәртіп сақтауға;

9) сот приставының талабы бойынша қол жүгін қарауға беруге;

10) сот мәжілісінің залында мобильдік байланыс құралдарын сөндіріп тастауға;

11) киім ілгішке сыртқы киімін және көлемді заттарын тастауға міндетті.

3.2. Келушілерге сот ғимараттарында (үй-жайларында):

1) қызметтік үй-жайында немесе сот мәжілісі залдарында судьяның немесе сот қызметкерінің рұқсатынсыз болуға;

2) айдауылдағы адамдарды ұстауға арнаған үй-жайлардың қасында болуға;

3) танысу үшін алған құжаттарды сот ғимаратынан (үй-жайларынан) алып шығуға;

4) стендтен сот құжаттарының үлгілерін алуға, сондай-ақ оған жеке сипаттағы хабарламаларды орналастыруға;

5) сот ғимараттарына (үй-жайларына) алкоголь, есірткі және улағыш заттардан мас болып, сондай-ақ қоршағандардың денсаулығына қауіп тудыратын жұқпалы ауру күйде келуге;

6) сот ғимаратына (үй-жайларына) атыс және суық қару, қадағыш және жарылғыш заттар, спирттік ішімдіктер әкелуге;

7) судьялар және сот қызметкерлерімен іс жүргізуден басқа тыс қатынастарда болуға;

8) осы мақсатта арнайы бөлінбеген орындарда шылым шегуге тиым салынады.

4.Сотқа келушілердің жауапкершілігі

4.1. Қоғамдық тәртіп пен сот ғимаратында жүріп-тұру ережелерін қрескел бұзған жағдайда, кінәлі адамдар заңмен белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

4.2. Соттың мүлігі қасақана жойылған немесе бүлдірілген жағдайда, кінәлі адамдар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілігімен қатар, заңға сәйкес келтірілген зиянның орнын толтыру міндеті жүктеледі.