Пайдалы сілтемелер

Келушiлер ушiн өткiзу және объектiшiлiк режимдердi қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

                                                                                   жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент

                                                                        (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)

                                                                                          басшысының 2016 жылғы «3» мамырдағы №6001-16-7-6/183 және

                                                                                   Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2016 жылгы

                                                                        «5» мамырдағы № 489 бірлескен бүйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) жэне оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар (бұдан эрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында жэне ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

2. Соттар, Департамент және оның аумақтық огандары ғимараттарында өткізу жэне объектішілік режимді үйымдастыруды жэне жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) Мемлекеттік мекемесі сот приставтарымен өзара әрекеттесе отырып қамтамасыз етеді.

3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1)     басшылық - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, облыстық және оларға теңестірілген соттардың сот алқаларының төрағалары, Қазақстан Республикасы Жогарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Сот аппаратының) басшысы жэне оның орынбасарлары, Соттар әкімшілері басшылары жэне олардың орынбасарлары;

2) бақылау жэне рүқсат беруді басқару жүйесі (бүдан әрі - БРБЖ) - техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімділікке ие және соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимаратына келетін адамдарға, сондай-ақ іргелес жатқан аумақтағы көлікке рұқсат беруді бақьшауды жэне басқаруды жүзеге асыратын бірлесе жұмыс істейтін техникалық бақылау жэне басқару құралдарының (механикалық, электрмеханикалық, электрлік, электрондық құрылғылар, конструкциялар және бағдарламалық құралдар) жиынтығы;

3)  бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі - БӨП) - келушілер мен көлік құралдарын өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;

4)  біржолғы рұқсатгама - сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына біржолғы кіруге (шығуға) құқық беретін құжат;

5) келуші - соттар, Департамент және оның аумакгық органдары ғимараттарына келген, кәмелет жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам, сот процесіне қатысушылар, оның ішінде тыңдаушылар мен байқаушылар

6) МКҚБ қызметкерІ - соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарында өткізу режимін қамтамасыз ететін қызметкер немесе БӨП бойынша кезекші

7) өткізу және объектішілік режим - ішкі тәртіпті, өрт қауіпсіздігін сақгауды, сондай-ақ адамдардың бақылаусыз кіруі (шығуы), көлік құралдарының кіруі (шығуы), күзетілетін объектіге мүлікті бақылаусыз алып кіру (алып шығу), әкелу (әкету) жэне осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес соттардың, Департаменттің және оның аумақгық органдарыньщ аумағына жэне ғимараттарына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттардың тізбесіне сәйкес соттардың, Департаменттің, оның аумақгық органдарыньщ аумағына және ғимараттарына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттарды (бүдан әрі - тыйьш салынған заттар) санкцияланбаған алып өту (алып жүру) мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуге бағытталған үйымдастырушылық, техникалық іс-шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етілетін соттардың, Департаменттің, оның аумақтық органдарының ғимараттары және оларга іргелес жатқан аумақтар шегінде белгіленген тәртіп;

8)  пайдаланушының уақытша карточкасы - келуші туралы деректерді қамтитын жэне Жоғарғы Сот жэне Департамент ғимаратына өту үшін оқитын қүрылғымен ақпарат алмасу арқылы жүмыс істейтін электрондық коды бар БРБЖ пластикалық картасы

9)  соттар - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, жергілікті жэне басқа да соттар;

10) полиция бекеті - соттар, Департамент жэне оның аумақтық органдары ғимаратына кіретін орын немесе МКҚБ қызметкерлері өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін орындайтын күзетілетін аумақ учаскесі.

11) техникалық бақылау - тыйым салынған заттарды санкцияланбаған алып кіруді (алып шығуды), экелуді (әкетуді), алып өтуді (алып жүруді) анықтауға арналған арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін іс-шаралар жиынтығы.

4.  Жоғарғы Сот жэне Департамент аумағына және ғимаратына өткізу режимін ұйымдастыруды бақылау Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі - ӘПК), жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың жэне Астана, Алматы қалаларының мамандандырылған күзет қызметі басқармаларына жүктеледі,

5. Өткізу режимі соттардың, Департаментгің және оның аумақтық органдарының кіру топтарында орнатылған БРБЖ арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының уақытша карточкалары бойынша кіретін келушілердің фотобейнелері бар есептік деректері БРБЖ деректер қорына енгізіледі.

6.  Келушілер осы Қағидаларда белгіленген өткізу және объектішілік режимдер талаптарын сақтауы, сот қызметінің белгіленген тәртібін жэне жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларын сақтауы қажет.

7. МКҚБ қызметкері күн сайын МКҚБ басшылығына және кезекшілік бөлімге сот ғимаратында өткізу және объектішілік режимдердің бұзылғандығы туралы рапортпен баяндайды, сондай-ақ Ішкі қауіпсіздік жэне соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөліміне (бұдан әрі - ІҚБ) хабарлайды.

2.     Өткізу обьектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібі

8.    Өткізу режимі мынадай:

1)    соттар, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына, әкімшілік ғимараттарына бөтен адамдардың өтуін болдырмау;

2)    тізбеде көрсетілген нәрселер мен заттардың алып кіруді (алып шығуды), әкелуді (әкетуді), алып өтуді (алып жүруді) болдырмау;

3)    шақырылғандарды қоспағанда, өзге де үй-жайларға келушілердің санкцияланбаған кіруін болдырмау;

4)    Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарын терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыру;

5)    «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сэйкес қоғамдық тэртіпті қорғау жэне сақгау, судьялардың, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында белгіленеді.

9.    Соттар, Департамент жэне оның аумақтық органдары ғимараттарына кіру мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1)  пайдаланушының уақытша карточкасы - Жоғарғы Соттың жэне Департаменттің келушілеріне бір адамға және бір рет келу үшін ғана беріледі. Уақытша карточка жеке басты куәландыратын қүжат болған кезде ресімделеді;

2)   біржолғы рүқсаттама - жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының келушілеріне бір адамға және бір рет келу үшін ғана беріледі. Рұқсаттама жеке басты куәландыратын қүжат болған кезде, осы Қағидаларға 2- қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді;

3)  келушілердің, оның ішінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, Соттар әкімшілері мен соттар кеңселері ұсынған сот процестеріне қатысушылардың тізбелері негізінде жүзеге асырылады.

10. Пайдаланушының уақытша карточкасы мен біржолғы рұксаттамалары бойынша келушілерді кіргізу ішкі тәртіпке сәйкес белгіленген жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

11.  Біржолғы рұқсаттамаларды беру сот кеңсесінің немесе Соттар әкімшісінің қызметкері жүзеге асырады.

12.  Біржолғы рүқсаттама келушіге біржолғы рүқсаттамада көрсетілген соттар мен Соттардың әкімшісі үй-жайына келуіне қүқық береді. Келуші ғимаратқа кірген кезде МКҚБ қызметкеріне біржолғы рүқсаттаманы жэне жеке басын куәландыратын қүжатты көрсетеді, оның деректері тиісті журналда тіркеледі.

13.  Біржолғы рүқсаттамаға сот не Соттар әкІмшісі қызметкерінің белгі жасауынсыз келушінің шығуына жол берілмейді.

14. Пайдаланушының уақытша карточкасын не біржолғы рұқсаттамасын ресімдеуге өтінімдерді Департаменттің, Сот не Соттар әкімшісі кеңсесінің қызметкерлері белгіленген жүмыс уақытында қабылдайды.

15.  Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген қүжаттар аттары жазылған адамдар үшін ғана жарамды. Оларды басқа адамдарға беруге рүқсат берілмейді.

16.  Кіру қүқығына қүжаттарды ресімдеуде бүзушылық, қүжаттың жасанды болудың және оны берушіге сәйкес болмауының, фотобейненің кіруші келбетімен сәйкес келмеуінің белгілері жэне өзге де бүзушылықгар анықгалған жағдайда МКҚБ қызметкері осы адамды үстауға шаралар қолданып, МКҚБ және ІҚБ басшылығына бүл туралы хабарлайды.

17.   Сот, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына қызметкерлердің ауызша өкімі бойынша келушілердің кіруіне жол берілмейді.

18.   Төтенше жағдайлар уақытында келушілерді өткізу тоқтатылады.

19.   Пайдаланушының уақытша карточкасына не келушінің біржолғы рұқсаттамасына телефон арқылы тапсырыс беруге:

1)     басшылық;

2)     судьялар;

3)     Департаменттің қүрылымдық бөлімшелері басшыларының және олардың орынбасарларының;

3)     Соттар әкімшісі қүрылымдық бөлімшелері басшыларының;

4)     жергілікті соттардың кеңселері меңгерушілерінің қүқығы бар.

20.  Келушінің біржолғы рұқсаттамасына тапсырыс берілген кезде рұқсаттамаға тапсырыс берген адамның лауазымы, келушінің тегі, аты мен әкесінің аты, кабинет нөмірі, сондай-ақ келушімен бірге жүру үшін жауапты қызметкердің тегі мен аты-жөні хабарланады. Бірге жүретін адам ғимаратқа кірген кезден және ғимаратқа шыққан кезге дейін келушімен бірге жүруді қамтамасыз етеді. Бірге жүретін адамсыз келушілер ғимаратқа жіберілмейді.

21. Келушілер қүрылымдық бөлімшенің қызметтік үй-жайларында осы бөлімшелер қызметкерлерінің қатысуымен ғана болады, жауапкершілік рұқсаттамага тапсырыс берген адамға жүктеледІ.

22.  Соттар, Департамент және оның аумақтық органдары ғимараттарына кірген кезде келушілерге, оның ішінде сот процесіне қатысушыларға қатысты бақылаудың арнайы жабдығы мен техникалық құралдары пайдаланыла отырып техникалық бақылау жүзеге асырылады.

Жогарыда көрсетілген жабдық пен техникалық қүралдар қол жүгі мен жеке заттарды қарап-тексеру кезінде де пайдаланылады.

Бақылаудың арнайы техникалық қүралдары іске қосылған жағдайда МКҚБ қызметкері адамға көзбен қарап-тексеру үшін заттарды көрсетуді үсынады.

Арнайы қүралдарды пайдалана отырып техникалық бақылау көрсетілген қүралдардың істен шығуы (не олардың болмауы) себебі бойынша мүмкін
болмаган жағдайларда келуші дербес МКҚБ қызметкеріне көзбен шолып қарап- тексеру үшін қол жүгін (сөмкелер, портфельдер, пакеттер, барсеткалар жәңе т.б.) ашық түрде көрсетеді.

23.   Келушінің заттарында өткізу үшін тыйым салынған нәрселер бар екеніне жеткілікті негіздеулер бар болган кезде сыртқы тексеріп-қарау жүргізіледі. Сыртқы тексеріп-қарауды тексеріп-қаралатын адаммен бір жыныстағы МКҚБ қызметкерлері жеке үй-жайда жэне сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі, бүл ретте МКҚБ қызметкерінің әрекеттері жеке тексеріп-қарауды жүргізген кезде тексеріп-қаралатын адамның абырой мен қадір-қасиетіне қысымшылық жасамауға тиіс.

24.  Адамның техникалық бақылаудан немесе тексеріп-қараудан өтпеуі оның ғимаратқа өтуінен бас тартуы үшін негіз болып табылады.

25.  Келушілерге жэне сот процесіне қатысушыларға Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 19-бабында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 345-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тізбеде көрсетілген техникалық құралдарды сот ғимаратына алып кіруге (алып өтуге) рүқсат берілмейді.

26.   Сот процесіне қатысушы сотта істі талқылау басталғанға дейін іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып, фото- және бейнеге түсіру құралдарын сот отырысы залында пайдалану туралы өтінішпен төрагалық етушіге жүгінуге қүқылы.

27.   Келушіде, сот процесіне қатысушыда оқ ататын, суық қару, арнайы қүралдар, оқ-дәрілер (рұқсат ету қүжаттарынсыз), есірткі заттары, жарылғыш, жанғыш, тез түтанатын, уытты, улы, радиоактивті заттар анықталган кезде

МКҚБ қызметкері оны ұстауға шаралар қолданады және кейіннен лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес эрекет етеді.

28.   Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына жэне ғимаратына тізбенің 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген алып өтуге тыйым салынған заттар ғимаратқа кіру кезінде полиция бекетіндегі арнайы жеке ұяшықтарда қалдырылады.

29.   Сот ғимаратына қарумен немесе арнайы құралдармен келген жэне оларға рұқсаты бар адамдар оларды МКҚБ полициясы нарядының арнайы сейфінде қалдырады, бүл туралы тиісті журналда жазба жасалады.

30.   МКҚБ қызметкерлерінің мен сот приставтарының Қазақстан Республикасының «Қуқық қорғау қызметі туралы» жэне «Сот приставтары туралы» заңдарында айқындалған тәртіппен арнайы құралдарды, оқ ататын және өзге де қаруды қолдануға, дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға құқығы бар.

31.  «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына және гимаратына бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылған өкілдерінің олардың кәсіби қызметіне байланысты бейне, кино және фотоаппаратурасымен кіруіне рұқсат етіледі.

32.   Сот процесіне қатысушылар полиция бекетіне ұсынылған тізімдер бойынша соттарға өтеді. Сот приставтары олар техникалық бақылаудан еткеннен кейін күту залына өздерінің бірге жүруін қамтамасыз етеді.

33.   Сот процесіне қатысушыларды тіркеуді сот приставы не сот кеңсесінің қызметкері жүзеге асырады. Сот процесіне қатысушыларды тіркеу сот гимаратына кірген кезде жеке басты куәландыратын құжатты көрсету бойынша жүргізіледі.

Тараптардың өкілдері қосымша олардың өкілеттіктерін растайтын қүжаттарды көрсетуге тиіс.

34.  Сот процесіне қатысушылар күту залында күтеді, оларға судьялардың жэне қызметкерлердің қызметтік үй-жайларына шақырусыз кіруге тыйым салынады.

35.   Хат-хабарды тапсыру (алу) үшін келген келушілерді ғимаратқа кіргізу (МКҚБ полициясы посты арқылы) олар техникалық бақылаудан өткен соң жүзеге асырылады, хат-хабарды алғанға дейін келушілер күту залында болады.

36.   Судьялардың, Департамент және оның аумақтық органдары қызметкерлерінІң азаматтарды (туыстарды, таныстарды) жеке мәселелер бойынша қабылдауына тыйым салынады.

37.  Басшылық келушілерді қабылдаған кезде оларды алып жүруді сот приставы не басшылық айқындайтын Департаменттің, Сот әкімшісінің қызметкері жүзеге асырады.

38.  Жұмыс күні аяқталғаннан кейін және демалыс күндері келушілерді ғимаратқа кіргізу токгатылады.

39.  Келушілердің сот, Департамент жэне оның аумақгық органдары ғимаратына алкогольдік, есірткілік немесе уыттық масаң күйінде кіруіне рұқсат берілмейді.

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 1-қосымша

 

Сот, Департамент және оның аумақтық органдары аумағына жэне ғимаратына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттардың тізбесі

1)   Атыс және суық қару;

2)   Жарылғыш заттар, жарылатын қурылғылар, тез түтанатын сұйыктықтар;

3)   Уландырғыш заттар;

4)   Қатты эсер ететін улы заттар;

5)   Бактериологиялық, биологиялықжәне химиялықзаттар;

6)   Радиоактивтізаттар;

7)   Есірткілік, психотроптық заттар;

8)   Бейне-, кино- жэне фотоаппаратура;

9)   Жазатын құрылғылар, көзбен байқау құралдары, есептегіш техника;

10)  Радиотехникалық және басқа аппаратура;

11)  Қоңырау/хабарлама/жауап функциялары бар телефондарды қоспағанда, мобильдік құрылғылар (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.);

12)   Машиналық ақпарат жеткізгіштер (флеш-карталар, ШВ-дискілер т.б.);

13)  Техникалық, оның ішінде деректер беруге, сондай-ақ халықаралық жаһандық желілерге жэне Интернет желісіне шығуға мүмкіндігі бар сымсыз құрылғылар (\Уі-Ғі, Віиеіооіһ, 30,40 және т.б.)

 

Қазақстан Республикасы Жоғаргы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін өткізу жэне объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларға 2-қосымша

Нысан

Біржолғы рүқсаттама

 

Біржолғы рұқсаттама түбІртек № Азамат (ша)

КұжатКэ

Біржолғы рұқсаттама №

Азамат (ша)

берілді

Кайдан келдІ

Күжат№

Кімге келді

Кайдан келді

Ғимарат № каб. №

Кімге келді

Бірге жүретін

Ғимарат № каб. №

Берілген уақыты

Бірге жүретін

Берілген күні 20 ж.

Берілген үақыты

Рұқсаттама бюросының қолы

Берілген күні 20 ж. Рұксаттама бюросының қолы

 

Рұқсаттама Қазақстан Республикасы азаматынын жеке басын куәландыратын кұжатты көрсеткен кезде жарамды

 

Келүшінің шыққан үақыты

 

Шақырган адамның қолы

 

Бұлтартпау шарасы ретінде кепілді (ҚПК-нің 145 бабы) және талап қоюды қамтамасыз ету шарасының орнына (АПК-нің 159 бабы) енгізілетін сома бойынша Депозиттік шот деректемелері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі республикалық мемлекеттік мекемесі.

БСН:   110 140 002 309

ЖСК:   KZ 940 705 015 010 014 008

Банк:  Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық Департаменті          

БСК:   KK MF KZ 2A

Кбе 11

ТМК    190

Төлемді тағайындау –  Кепілдік ақша салу бойынша ( А.Ж.Т. кімге салынатын кепіл

 

Байланыс телефоны: 8 (7292) 70-14-24 

Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» порталы арқылы берілген электрондық талап арыздарды және басқада электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметі» порталы арқылы берілген электрондық талап арыздарды және басқада электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық

1.Жалпы ережелер

 1. Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы берілген электрондық талап арыздарды[1][1], сот отырысының хаттамасын беру туралы электрондық өтініштерді, сот отырысының хаттамасына электрондық ескертулерді қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық  (бұдан әрі - Нұсқаулық)  Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

2. Нұсқаулық «Қазақстан  Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде» Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы берілген электрондық талап арыздарды, сот отырысының хаттамасын беру туралы электрондық өтініштерді, сот отырысының хаттамасына электрондық ескертулерді қабылдау және есепке алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталында арыз берушілерге электрондық құжат нысанында сот отырысының хаттамалары мен сот ұйғарымдарын дайындау және жөнелту тәртібін реттейді.

3. Осы Нұсқаулық қылмыстық және азаматтық істерді қарайтын облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттарға арналған.

4. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) АІЖК – Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі;

2) ҚІЖК – Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі;

3) Салық кодексі – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі;

4) БААТЖ - Қазақстан  Республикасы сот органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі;

5) БААТЖ орталығы – ЭҮП арқылы берілген электрондық арыздарды қабылдауға арналған БААТЖ кіріктіру кіші жүйесі;

6) ЭҮП  -  Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы;

7) ЭҮТШ – мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндік  беретін Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» төлем шлюзі;

8) ТБК – тіркеу бақылау карточкасы.

2. БААТЖ орталығын құрудың бағыты мен мақсаттары

5. БААТЖ орталығы БААТЖ жүйесінің бөлігі болып табылады және ЭҮП арқылы электрондық құжат нысанында берілген электрондық талап арыздарды, сот отырысының хаттамасын беру туралы электрондық өтініштерді,  сот отырысының хаттамасына электрондық ескертулерді қабылдауға, сондай-ақ ЭҮП-да арыз берушілерге электрондық құжат нысанында сот отырысының хаттамаларын және ұйғарымдарды жөнелтуге арналған.

6. БААТЖ орталығын құрудағы мақсат азаматтарға электрондық талап арыздарды, сот отырысының хаттамасын беруге электрондық өтініштерді, хаттамаға электрондық ескертулерді электронды құжат нысанында беру, сондай-ақ ҚІЖК мен АІЖК-ге сәйкес электрондық құжат нысанында сот отырысының хаттамасы мен сот ұйғарымын алуға мүмкіндік беруді қамтамасыз ететін  ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды жасау болып табылады.

3. Автоматтандыру объектілерінің сипаттамасы

7. БААТЖ-да оларды кейіннен өңдей отырып, электрондық құжат форматында азаматтар мен заңды тұлғалардан электрондық өтініштерді қабылдау процестері автоматтандыру объектілері болып табылады.

Жоба шеңберінде мынадай процестер автоматтандырылады:

1) арыздардың  үш түрін электрондық құжат форматында  қабылдау: электрондық талап арыз; сот отырысының хаттамасын беру туралы электрондық өтініш; сот отырысының хаттамасына электрондық ескерту.

2) ЭҮП арқылы арыз берушіге электрондық құжат нысанында сот отырысының хаттамасын және сот ұйғарымын беру;

3) БААТЖ жүйесінде электрондық арыздың өту хронологиясын көрсететін электрондық хабарламаларды қалыптастыру және арыз берушіге жеткізу.

8. ЭҮП-ден электрондық арыздарды соттарға беру, сондай-ақ электрондық арыздарды өңдеу мәртебесі туралы хабарламаларды жөнелту және соттардан ЭҮП-ден шығыс электрондық құжаттарды жөнелту БААТЖ оратлығы арқылы жүзеге асырылады (1-қосымша).

4. Арыз берушілердің электрондық арыздарды беруі

9. Сотқа ЭҮП-ден (www.egov.kz) электрондық арыздарды беру ЭҮП-нің тиісті электрондық қызметімен қамтамасыз етіледі. Электрондық арыздардың экрандағы нұсқалары 2-қосымшада берілген.

10. Авторизация – ЭҮП-ге кіру рәсімінен өткеннен кейін, арыз беруші үш электрондық  қызмет көрсетудің ішінен біреуін таңдайды:

1) электрондық талап арыз беру;

2) сот отырысының хаттамасын беру туралы электрондық өтініш беру;

3) сот отырысының хаттамасына электрондық ескерту беру;

4.1. Электрондық талап арыз беру

11. «Электрондық талап арыз беру» қызметі ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлеуге мүмкіндік береді. Арыз берушілердің жекелеген санаттары Салық кодексінің 541-бабына сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылған.

12. Арыз беру үшін арыз беруші ЭҮП-ге мынадай деректерді қамтитын электрондық талап арыз нысанын толтыруы қажет:

арыз берушінің ЖСН-і;

тегі;

аты;

әкесінің аты;

мекенжайы;

облысы;

сот;

«төлемейді» деген алаң (мемлекеттік баж төлеуден босатылған кезде толтырылады);

Салық кодексінің 541-бабына сәйкес мемлекеттік баждан босатылған  істердің/талапкерлердің санаты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған кезде толтырылады);

мемлекеттік баж сомасы;

талап арыздың толық мәтіні;

АІЖК-нің 102-бабына сәйкес талап арыздың бағасы (осы алаң толтырылмаған жағдайда, талап арызға үндеместік бойынша «0» нөлдік мағына белгіленеді);

талап арызға қоса берілетін құжаттардың тізбесі.

13. Арыз беруші электрондық құжат нысанында талап арызды және құжаттардың басқа да көшірмелерін қоса тіркейді (бұл үшін ЭҮП-да файлдарды жүктеу іске асырылады), егер жеке немесе заңды тұлға болып табылса, талапкер туралы деректер нысанын және жеке немесе заңды тұлға болып табылатын жауапкер туралы деректер нысанын толтырады.  Электрондық талап арыз нысаны бір немесе бірнеше талапкерлер мен жауапкерлердің (жеке/заңды тұлғалардың) деректерін  енгізуге мүмкіндік береді.

14.  Арыз беруші ЭҮП арқылы жөнелткен электрондық арыз нысанында енгізілген деректер мен құжаттар файлы соттың БААТЖ-ына келіп түскен кезде автоматты түрде кіріс құжаттың ТБК-сында орналастырылады.

15. Арыздың атрибуттарын енгізгеннен кейін, қажет болған жағдайда арыз беруші мемлекеттік бажды төлей алады.

16. Төлегеннен кейін электрондық талап арызға арыз берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады және БААТЖ орталығына жіберіледі.

4.2. Сот отырысының хаттамасын беру туралы электрондық өтініш беру

17. Арыз беру үшін ЭҮП-де сот хаттамасын беру туралы электронды өтініш нысанын толтыру және электрондық құжат нысанында арызды және басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеу қажет.

18. Деректерді және қоса тіркелген құжаттарды енгізгеннен кейін электрондық арызға арыз берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады және БААТЖ орталығына жіберіледі.

4.3. Сот отырысының хаттамасына электрондық ескертулер беру

19. Арыз беру үшін арыз беруші ЭҮП-де сот отырысының хаттамасына электронды ескерту нысанын толтыру және электрондық құжат нысанында арызды және басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса тіркеуі қажет.

20. Деректерді және қоса тіркелген құжаттарды енгізгеннен кейін электрондық арызға арыз берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылады және БААТЖ орталығына жіберіледі.

5.ЭҮП арқылы келіп түскен электрондық арызды қабылдау

21. ЭҮП арқылы электрондық арыз берілгеннен кейін ақпарат БААТЖ Орталығына келіп түседі, одан арыз беруші көрсеткен соттың БААТЖ-ына беріледі.

22. Құжаттарды ЭҮП арқылы соттың БААТЖ-ына жеткізу электрондық  арызды жеткізу арыз  берілген сәттен бастап 30 минут ішінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

23. ЭҮП арқылы жеткізілген электрондық арыз соттың БААТЖ-ында БААТЖ арқылы жеткізілген құжаттар санатындағы «Кіріс хат-хабар» - «Тіркеуді күтуде» кескіндемесі орналастырылады. «Корреспондент» (хабарлама авторы) бағанында «Электрондық талап арыздарды қабылдау модулі» көрсетілетін болады. ЭҮП арқылы келіп түскен БААТЖ жүйесінде элеткрондық арыздардың экрандағы нұсқалары 3-қосымшада берілген.

24. ЭҮП арқылы келіп түскен электрондық талап арыз мынадай құжаттардан тұрады:

1) Кіріс құжатының ТБК-сы;

2) азаматтық істің нысандары (1Г нысаны);

3) тұлғаға нысан (процестің тараптары);

4) электрондық құжат нысандары;

5) мемлекеттік бажды төлеу нысандары (электрондық төлем).

25. ЭҮП арқылы келіп түскен сот отырысының хаттамасын беру туралы электрондық өтініш және сот отырысының хаттамасына элеткрондық ескерту мынадай құжаттардан тұрады:

1) кіріс құжаттың ТБК-сы;

2) электрондық құжат нысандары.

6. ЭҮП арқылы келіп түскен электрондық арызды тіркеу

26. ЭҮП арқылы келіп түскен электрондық арызды тіркеу БААТЖ электрондық құжат айналымы арқылы электрондық түрде түсетін құжаттарды тіркеуге ұқсас жүргізіледі, яғни құжатты алушы ретінде бөлімшенің атауы көрсетіледі, құжатқа кіріс тіркеу нөмірі беріледі және басқа да қажетті деректемелер толтырылады.

27. Соттың БААТЖ-ына ЭҮП арқылы келіп түскен электорондық арыздың өтуі туралы ақпарат, соның ішінде электрондық арызды тіркеу, тіркеуден бас тарту, арызды қарау сияқты рәсімдер («Сот ісін жүргізу/Қарау» бөлімі)  арыз берушіге ЭҮП-да электрондық хабарламалар арқылы берілетін болады.

7. Мемлекеттік баждың төленгенін тексеру

28. БААТЖ-дан мемлекеттік баждың төленгенін тексеру Салық органының шотына мемлекеттік баждың келіп түскенін тексеру механизмінің көмегімен жүзеге асырылады.

29. Төлемді тексеру үшін кіріс құжаттың ТБК «Сот ісін жүргізу» қосымшасында «Электрондық төлем» нысанын ашып, «Төлемді тексеру» батырмасын басу қажет. Ашылған «Бюджетке төленетін төлемдер бойынша ақпарат сұрау» терезесінен «ОК» батырмасын басу қажет.  Салық органының шотына төлем аударылған кезде ашылып тұрған «ҚР Қаржымині Салық комитетінің жүйесінде бюджетке төленетін төлемді тексеруді сұрау» терезесінде қажетті деректерімен төлемді растау туралы сұраудың оң нәтижесі шығады.  Төлем болмаған кезде ашылып тұрған «ҚР Қаржымині Салық комитетінің жүйесінде бюджетке төленетін төлемді тексеруді сұрау» терезесінде төлемді растау туралы сұраудың теріс нәтижесі шығады. Төлем расталмаған жағдайда АІЖК-нің нормаларына сәйкес әрекеттерді орындау қажет.

30. Төлемнің түскенін тексеру кезінде ЭҮТШ арқылы төленген кезде Салық органының шотына мемлекеттік бажды аудару үш жұмыс күніне дейін жүргізілетінін ескеру қажет. Осыған байланысты, Салық органының тізілімінде жоғарыда көрсетілген күндердің ішінде төлемді тексеру тексерудің теріс нәтижесін қайтаруы мүмкін.

8. Арыз берушіге жауапты және басқада сот құжаттарын ЭҮП-да жөнелту

31. Электрондық талап арызды соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы процессуалдық шешім шығарған кезде талап арыз берген адамның өкілеттіктерін тексеру туралы мәселе электрондық талап арызға қоса тіркелген электронды құжат нысандарының негізінде шешіледі. Бүгінгі таңда тиісті сервистердің (е-әділет, е-нотариат) іске асырылу деңгейін ескере отырып, өкілдікке және сенімхатқа байланысты өкілеттіктерді тексеру сот талқылауына істі дайындау сатысында электрондық талап арыз берген адамды сотқа шақыру жолымен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

32. АІЖК және ҚІЖК нормаларында қарастырылған жағдайда, арыз берушіге ЭҮП-ке жауаппен бірге соттың БББАТЖ арқылы электрондық құжат нысанындағы сот құжаты жіберіледі.

33. Электрондық арызға жауап жіберу рәсімі БААТЖ шығыс құжатын жасау және жіберу рәсіміне ұқсас.

34. Жауапты арыз берушіге жеткізу үшін мынадай міндетті әрекеттерді орындау қажет:

1) Шығыс құжаттың ТБК-сінде «Иә» деген белгімен «БААТЖ арқылы жеткізу» сияқты жеткізу тәсілін көрсету қажет.

2) Шығыс құжаттың ТБК «Ұйымның атауы» алаңында «Тізім» батырмасын басу, ашылған «Корреспонденттер» терезесінде корреспонденттер (алушылар) тізімінен «Электрондық үкімет порталы» мәнін таңдау.  «Осы шығыс құжатты алушы» алаңында қажетті мән таңдалғаннан кейін «Электрондық үкімет порталы» мәні қойылады.

3) ЭҮП арқылы жеткізілген, шығыс жауап дайындалатын кіріс электрондық арызбен байланысты орнату. Бұл үшін шығыс құжаттың ТБК «Орындалуын бақылау» қосымшасын ашу, «Бұрын тіркелген құжаттармен байланыс/ «Кіріс құжаттармен» бөлімінің «Тізім» батырмасын басу. Ашық тұрған «Деректер қорын таңдау» терезесінде  тізімнен  «Сот ісін жүргізу» деректер қорының есептік жылын таңдау. Бұдан әрі ашық тұрған «Кіріс құжаттар тізімі» терезесінде тіркеу нөмірі бойынша қажет кіріс құжатты тауып, «ОК» батырмасын басу. «Құжаттың нөмірі, күні» алаңында қажет мәнді таңдағаннан кейін кіріс құжаттың нөмірі мен күні қойылады.

35. ЭҮП арқылы жеткізілген кіріс электрондық арыз карточкасында арыз берушінің бірегей сәйкестендіру деректері болады. Шығыс жауапты арыздың кіріс карточкасымен байланыстыру рәсімі міндетті болып табылады, өйткені байланыстыру кезінде арыз берушінің сәйкестендіру деректері кіріс арыздың ТБК-сынан алынады. Егер байланыстыру рәсімі орындалмаған жағдайда, жауап арыз берушіге ЭҮП-мен жеткізілмейді.

36. Шығыс құжат карточкасына барлық деректемелер енгізілгеннен кейін карточканы сақтап, БААТЖ арқылы жөнелту рәсімін орындау қажет. Бұл үшін әрекеттер панелінде «СО БААТЖ/БААТЖ арқылы жөнелтуге дайындау»  батырмасын басу керек. Жөнелтуге дайын, арыз берушіге арналған шығыс құжат БААТЖ орталығы арқылы ЭҮП-мен жеткізілетін болады.

37. Шығыс құжатты жөнелту аяқталған соң арыз беруші ЭҮП бөлімі  «Қызмет көрсетулерді алу тарихында» өз арызын өңдеудің ағымдағы мәртебесі және соттан жіберілген құжаттар туралы ақпаратты алады.

Сот ғимаратына азаматтардың келіп-кету ережесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Сот ғимаратына азаматтардың келіп-кету ережесі

Республика соттарының ғимараттарында (үй-жайларында) азаматтардың жүріп-тұруы туралы

Осы Ереже азаматтардың сот ғимаратында және солардың ішінде үй-жайларға келген кездегі мінез-құлығының нормаларын белгілейді және орнатылған тәртіп пен судьялар мен сот аппараттары қызметкерлерінің тиімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.

Сот ғимаратындағы мінез-құлық ережелері Қазақстан Республикасының аумағындағы соттардың сот төрелігін жүзеге асыру рәсімін заң нормаларына сәйкес және азаматттардың сот қорғауына конституциялық құқығын іске асыру мақсатында жасалған.

1.Жалпы ережелер

1.1 Сот ғимараттары және үй-жайлар деп-судьялар мен сот аппараттарының қызметкерлері ішінде ұдайы жүретін және қызметтік міндеттерін атқаратын жеке ғимараттар (құрылыс) немесе солардың ішінде орналасқан үй-жайларды түсінген жөн.

Сот мәжілісінің залдары мен судьялардың және сот аппараттары қызметкерлерінің қызмет бөлмелерімен қатар, сот істерін (кеңселер мен сот мұрағаттары), құжатнама мен материалдық-техникалық құндылықтарды (гараждар, қоймалар, заттай айғақтарды сақтау камералары) сақтауға арналған үй-жайлар және ортақ пайдаланыс орындар (дәліздер, холлдар, буфеттер, дәретханалар, баспалдақтар және т.б.) сот ғимаратына жатады.

1.2. Сотта жұмыс істемейтін, сот ғимаратына (үй-жайына) уақытша келген әрбір жеке тұлға сотқа келуші болып табылады.

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғалар, егер олардың келуі судьялардың және сот аппараттары қызметкерлерінің міндеттерін атқаруға кедергі келмесе, сот ғимаратында (үй-жайларында) ата-анасының (жақын туысқандарының, қорғаншыларының немесе оқытушыларының) қасына еріп қана кіре алады.

1.3. Сот ғимараттарында (үй-жайларында) орнатылған тәртіп деп:

1) республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыру рәсімін;

2) судьялардың және сот аппараттары қызметкерлерінің нақты сот істерін қараумен байланысты емес қызметін;

3) азаматтардың қоғамдық орындардағы мінез-құлығының нормаларын реттейтін Қазақстан Республикасы заңдары және өзге де құқықтық актілері талаптарының жиынтығын түсінген жөн.

1.4. Сот приставтары мен сот аппараттарының қызметкерлері, Қазақстан республикасы Ішкі істер министірлігінің Республикалық бас басқармасының Мамандандырылған Күзет Қызметінің кезекші қызметкерлері сот ғимараттарында (үй-жайларында) қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады және де орнатылған тәртіпті сақтау жөніндегі олардың заңды талаптары сотқа келушілерге міндетті болып табылады.

1.5. Сотқа келушілер жеке басын куәландыратын немесе оның орнына ұсынылатын басқа құжатты, сондай-ақ рұқсат қағазын беру бюросында берілген арнайы рұқсат қағазды көрсеткен кезде сот ғимаратына өткізіледі.

1.6. Келушілер әрбір нақты сотта белгіленген ішкі күн тәртібіне сәйкес сот ғимаратына жіберіледі. Түскі үзіліс кезінде, жұмыс күні аяқталғаннан кейін және демалыс күндеріне сот ғимаратында келушілер жіберілмейді.

1.7. Қару және басқа да рұқсат етілмеген заттарды өткізуіне жол бермеу үшін сот ғимаратында кіретін келушілер арнайы жабдықталған тексеруден өткізіледі. Қажет болған жағдайда жеке заттары да тексеруден өткізіледі.

1.8. Қызметтік куәліктің белгіленген нұскасы бойынша жұмыс уақытында сот ғимаратына кіруге құқығы бар тұлғалар:

1) Қазақстан Республикасының барлық соттарының судьялары, сот аппараттарының кеңсе мен сот әкімшілігінің қызметкерлері;

2) Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Премьер-министірінің қол қойынған қолданыстағы қызметтік куәліктері бар лауазымды тұлғалар, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, облыстық, аудандық(қалалық) мәслихаттарының депутаттары;

3) Прокурорлар-нақты істерді қарауға қатысу үшін ұсынылған тізімге сәйкес;

4) Сот процесіне қатысушы адвокаттар (өкілдері) – ордер немесе олардың құқықтарын растайтын басқа да құжаттарды көрсеткен кезде;

5) Ашық сот және ресми шараларға қатысуға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

1.9. Өрт шыққанда немесе апат кезінде өрт сөндіру және апатты басу қызметінің бөлімшелері, сот ғимаратындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін оқиғалар болғанда полиция және «Жедел жәрдем» қызметкерлері ғимаратқа кедергісіз өтеді.

2.Сотқа келушілердің құқықтары

2.1. Сотқа келушілердің ішінде сот талқылауына қатысуға шақырылған тұлғаларға жалпы құқықтарынан басқа процессуалдық құқықтары бар екендігі бойынша төрағалық ететін судья немесе соттың аппарат қызметкерлері түсіндіреді.

2.2. Сотқа келушілер сот төрағасының өкімімен берілген қабылдау күндері мен сағаттары бойынша сот төрағасының қабылдауына келуге, сот кеңсесіне талап арыздар мен өзге де құжаттарды тапсыруға және сондай құжаттарды жұмыс күндері алуға құқылы, басқа елді мекендерден сотқа келген азаматтар жұмыс күні ішінде қабылданады.

2.3. Сотқа келушілер сот құжаттарының үлгілері стендін пайдалануға және соттың өндірісіндегі істердің қаралатын күні мен уақыты туралы ақпарат алуға құқылы.

3.Сотқа келушілердің міндеттері

3.1. Келушілер соттардың үй-жайларында болған кезде;

1) сот қызметінің белгіленген тәртібі мен қоғамдық орындардағы мінез-құлық нормаларын сақтауға;

2) судьяларға, сот аппараттары қызметкерлеріне, сот приставтарына және де басқа сотқа келушілерге құрметтеушілік көрсетпеуге;

3) судьялардың, сот аппараттары қызметкерлерінің, сот приставтарының заңды талаптары мен өкілдерін орындауға;

4) судьялардың, сот аппараттары қызметкерлерінің, сот приставтарының қызметтік міндеттерін тиісті түрде орындауға кедергі келтірмеуге;

5) сот төрағасының қабылдауында және сот кеңсесінде кезек сақтауға;

6) сот мәжілісінің хатшыларына өзінің сот процесіне қатысушы куә, маман, сарапшы және тағы басқалар ретінде келгені туралы хабарлауғы;

7) сот мәжілісінің залына шақырылғанға дейін сот приставы немесе сот мәжілісінің хатшысы көрсеткен немесе сол үшін бөлінген орында болуға;

8) соттардың мүлігіне ұқыпты қарап, сот ғимараттарында (үй-жайларында) тазалық, тыныштық пен тәртіп сақтауға;

9) сот приставының талабы бойынша қол жүгін қарауға беруге;

10) сот мәжілісінің залында мобильдік байланыс құралдарын сөндіріп тастауға;

11) киім ілгішке сыртқы киімін және көлемді заттарын тастауға міндетті.

3.2. Келушілерге сот ғимараттарында (үй-жайларында):

1) қызметтік үй-жайында немесе сот мәжілісі залдарында судьяның немесе сот қызметкерінің рұқсатынсыз болуға;

2) айдауылдағы адамдарды ұстауға арнаған үй-жайлардың қасында болуға;

3) танысу үшін алған құжаттарды сот ғимаратынан (үй-жайларынан) алып шығуға;

4) стендтен сот құжаттарының үлгілерін алуға, сондай-ақ оған жеке сипаттағы хабарламаларды орналастыруға;

5) сот ғимараттарына (үй-жайларына) алкоголь, есірткі және улағыш заттардан мас болып, сондай-ақ қоршағандардың денсаулығына қауіп тудыратын жұқпалы ауру күйде келуге;

6) сот ғимаратына (үй-жайларына) атыс және суық қару, қадағыш және жарылғыш заттар, спирттік ішімдіктер әкелуге;

7) судьялар және сот қызметкерлерімен іс жүргізуден басқа тыс қатынастарда болуға;

8) осы мақсатта арнайы бөлінбеген орындарда шылым шегуге тиым салынады.

4.Сотқа келушілердің жауапкершілігі

4.1. Қоғамдық тәртіп пен сот ғимаратында жүріп-тұру ережелерін қрескел бұзған жағдайда, кінәлі адамдар заңмен белгіленген тәртіп бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

4.2. Соттың мүлігі қасақана жойылған немесе бүлдірілген жағдайда, кінәлі адамдар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілігімен қатар, заңға сәйкес келтірілген зиянның орнын толтыру міндеті жүктеледі.

ҚР Президенті Жолдауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жылғы 17 қаңтар

18.01.2014                                             ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан жолы – 2050:

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Қымбатты қазақстандықтар!

Құрметті депутаттар!

Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.

Қазақ елі өткен 22 жылда қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Халықтың 97 пайызы әлеуметтік ахуалдың тұрақтылығын және оның жыл өткен сайын жақсара түскенін айтады.

Бүгінде Отанымыздың жетістіктері – әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту – ортақ парыз, абыройлы міндет!

Құрметті отандастар!

ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!

Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия, Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды білдіреді.

Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне сенімдімін.

Бүгін мен дамыған 30 елдің қатарына кіру жоспарымызды ұсынғым келеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет нақты тұжырымдама жобасын жасады. Осы Жолдаудағы менің тапсырмаларым ескеріле отырып жөнделгеннен кейін түпкілікті бекітілетін бұл құжатты жалпы алғанда қолдадым. Көптеген болжамдар бойынша, алдағы 15-17 жыл Қазақстанның ауқымды серпілісі үшін «мүмкіндіктер көзі» болмақ. Бұл кезеңде сыртқы ортаның қолайлылығы, ресурстарға, энергияға және азық-түлікке сұраныстың артуы, Үшінші индустриялық төңкерістің пісіп-жетілуі сақталады. Біз бұл кезеңді пайдалана білуге тиіспіз.

Біз 2050-дің мақсатына қарай күрделі жаһандық бәсекелестік жағдайында ілгерілейміз. Алдағы онжылдықтарда біз қазірдің өзінде біліп отырған сын-қатерлер, жаһандық нарық пен әлемдік саясаттағы болжаусыз жағдайлар, жаңа дағдарыстар аз кездеспейді. ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды. Ғасыр ортасы да таяп қалды. Әлемнің дамыған елдері соған сай нақты стратегияларын дайындауда. ХХІ ғасырдың орта тұсы күрделі болары даусыз, ал жаһандық отыздық тобының тізіміне кіретін үміткерлер саны тым шектеулі болады. Мен «дамыған ел» ұғымының уақытқа сәйкес өзгеріп тұратын категория екенін бірнеше рет айттым. Дамыған елдерде халықтың мүлде жаңа өмір сапасы пайда болуда.

Бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр. Оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. ЭЫДҰ-ға кіруге тағы 6 ел – Бразилия, Қытай, Үндістан,Индонезия, Ресей және Оңтүстік Африка Республикасы үміткер болып отыр. Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы.

Мен Қазақстанда ЭЫДҰ-ның бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдым. Олар Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан.

Экономикада ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы өсімін 4 пайыздан кем қылмау жоспарлануда. Инвестиция көлемін қазіргі 18 пайыздан бүкіл ішкі жалпы өнім көлемінің 30 пайызына дейін ұлғайту керек. Экономиканың ғылыми қамтымды моделін енгізу Қазақстанның экспорттық әлеуетіндегі шикізаттық емес өнімнің үлесін 70 пайызға дейін арттыру мақсатын көздейді.

Экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді. Ішкі жалпы өнімнің энергия тұтыну ауқымын 2 есе азайту маңызды. Шағын және орта бизнес 2050 жылға қарай Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің қазіргі 20 пайызы орнына кемінде 50 пайызын өндіретін болады. Еңбек өнімділігін 5 есеге – қазіргі 24,5 мыңнан 126 мың долларға дейін арттыру керек.

Әлеуметтік саланы дамытудың 2050 жылға дейін басты бағдарлары нақты индикативті цифрларда көрсетілген. Біз ішкі жалпы өнім көлемін жан басына шаққанда 4,5 есе – 13 мың доллардан 60 мың долларға дейін арттыруымыз керек. Қазақстан халық құрылымында орта тап үлесі басым елге айналады. Урбанизацияның жаһандық үрдісіне орай қалалық тұрғындар үлесі барлық халықтың қазіргі 55 пайызынан 70 пайыздай деңгейге дейін өседі. Қазақстанның қалалары мен елді мекендерін сапалы жолдар мен көліктің барлық түрінің жүрдек бағыттары байланыстырады.

Саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның дамуы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа дейін арттырады. Қазақстан медициналық туризмнің жетекші еуразиялық орталықтарының біріне айналады. Озық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін құру аяқталады.

Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және тұруға жайлы елдің біріне айналуға тиіс. Бейбітшілік пен тұрақтылық, әділ сот және тиімді құқық тәртібі дегеніміз – дамыған елдің негізі.

Құрметті отандастар!

Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтары белгіленген. Біз мына басым бағыттар бойынша бірқатар мәселелерді шешуіміз керек.

Бірінші. Инновациялық индустрияландыру трендін түзеу және күшейте түсу маңызды. Мен Үкіметке 2016-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустрияландырудың Екінші бесжылдығы жобасы жөнінде бірқатар тапсырмалар бердім. Индустрияландыру басымдықтары санын шектеу керек.

Бізге дәстүрлі өндіруші секторлар тиімділігін арттыру маңызды. Бұлар – біздің бәсекедегі табиғи артықшылықтарымыз. Бізге мұнай-газ секторының экспорттық әлеуетін сақтай отырып, басқару, өндіру және көмірсутектерді өңдеудің жаңа тәжірибелері керек. Мұнай мен газ өндірудің ықтимал сценарийлері бойынша түбегейлі шешімге келу керек. Сирек металдардың ғылыми қамтымды салалар – электроника, лазерлік техника, коммуникациялық және медициналық жабдықтар салалары үшін маңыздылығын ескере отырып, оларды игеру ауқымын ұлғайту қажет.

Қазақстан геологиялық барлау саласы бойынша әлемдік нарыққа шығуға тиіс. Тиісті заңнаманы жеңілдете отырып, бұл салаға шетелдік инжинирингтік компаниялардан инвестиция тартқан жөн. Жалпы, дәстүрлі салаларға қатысты біздің оларды дамыту жөніндегі бөлек жоспарларымыз болуы керек. Әрбір келесі бесжылдықтың нақты нәтижесі экономиканың жаңа салаларын қалыптастыру болуға тиіс. Бірінші бесжылдық аясында автомобиль және авиақұрастыру, тепловоз, жолаушылар және жүк вагондары өндірісі жолға қойылды. Оларды кеңейтіп, сыртқы нарықтарға шығару керек.

Сонымен, 2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлінеді, олардың әрқайсысы бір мақсат – дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін шешеді.

Екінші және одан кейінгі бесжылдықтарда мобильді, мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, гендік инженерия салаларын, болашақтың энергиясын іздеу мен ашудың негізін салған жөн. Мемлекет жұмысының негізгі бөлігі Қазақстан бизнесін, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау болмақ. Таяудағы 10-15 жылда ғылыми қамтымды экономикалық базис жасау керек, онсыз біз әлемнің дамыған елдері қатарына қосыла алмаймыз. Мұны дамыған ғылым арқылы шешуге болады.

Екінші. Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек.

Бірінші кезекте, әсіресе баға қалыптастырудың ашық механизмдері арқылы тиімді жер нарығын құру маңызды. Ауылшаруашылық жерлерін инвестиция тарту және озық технологиялар енгізуді ескеріп жалға бергенде ғана бәсеке күшейеді. Ауыл шаруашылығында бизнестің дамуына, фермерлер кооперациясы үдерісіне, жерді тиімді пайдалануға бөгет жасайтын барлық кедергіні жойған жөн.

Болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз. Фермерлер ұзақмерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға алатын болуға тиіс. Ауыл өндірушілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандырудың тиімді жүйесін құру да өзекті мәселе.

Қазақстан ет және сүт өнімдерін экспорттайтын өңірлік ірі елге айналуға тиіс. Егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқарту, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру жолына бет бұру керек. Агрохимикаттарды тиімді тұтынудың, қуаң жерлерде топырақты нөлдік өңдеудің заманауи технологиялары мен өзге де инновацияларды қолдануды кеңейтудің кешенді шаралары қажет.

«Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі қабылданған тұжырымдамаға сәйкес, 2030 жылға қарай егіс алқаптарының 15 пайызы суды үнемдеу технологияларына көшірілетін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аграрлық-инновациялық кластерлер құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай, табиғи азық-түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын.

Үшінші. Ғылыми қамтымды экономика құру – ең алдымен Қазақстан ғылымының әлеуетін арттыру. Бұл бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі заңнаманы жетілдірген жөн. Үкіметке биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заң жобалары топтамасын әзірлеп, Парламенттің қарауына енгізуді тапсырамын. Ғылымды қаржыландыру көлемін біртіндеп арттырып, оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу жөнінде нақты жоспар қажет.

Шетелдерден инвестиция тартуды толықтай елімізге білім мен жаңа технологиялар трансферттеу үшін пайдалану керек. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, жобалық және инжинирингтік орталықтар құру қажет. Бізге ірі мұнай-газ және тау-кен металлургиялық нысандарында жұмыс істейтін жетекші трансұлттық компанияларды олар осында өз қажеттілігі мен сервисін қамтамасыз ету үшін өндірістер құруға шақырғанымыз жөн. Мен кейбір ірі компаниялардың бұған дайын екендігін білемін. Үкімет осы мәселені қайта пысықтап, қажет болған жағдайда бұл үшін барлық жағдайды жасағаны жөн. Жабдықтарды өз елімізде өндіруімізге де болатын кезде шет елден тасымалдаудың қажеті жоқ.

Ұлттық инновациялық жүйенің, оның негізгі институттарының тиімділігін арттыру маңызды. Олардың белсенділігін стартаптарды және венчурлік мәмілелердің бастапқы кезеңдеріне қолдау көрсетуге бағыттаған жөн. Ірі қалалық агломерациялардағы, әсіресе Астана мен Алматыдағы технологиялық парктердің жұмысын жандандыру керек. Алғашқы зияткерлік-инновациялық кластер қазір Астанадағы Назарбаев университетінің арқауында табысты жұмыс істеуде. Ал Алматыда мұндай кластер – «Алатау» ақпараттық технологиялар паркі. Технопарктерде қазақстандық ірі компаниялардың қосалқы өндірістерін орналастыру үдерісін ынталандыру шараларын ойластыру маңызды.

Төртінші. Инфрақұрылымдық үштаған – агломерацияның, көліктің, энергетиканың қарқынды дамуын қамтамасыз ету керек. Агломерациялар – Қазақстанның ғылыми қамтымды экономикасының ұстыны. Елдің орасан зор аумағын, халықтың орналасу тығыздығының төмен екенін ескерсек, агломерациялар қалыптастыру мен дамыту – маңызды мәселе. Қазақстанның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент пен Ақтөбе болады. Олар халықтың және инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсетеді.

Көлік инфрақұрылымы – индустриялық экономика мен қоғамымыздың тамырына қан жүгіртетін жүйе. Сапалы заманауи магистральдарсыз дамыған ел болмайды деп мен талай рет айттым. Бұған қоса, Қазақстанның қатынас жолдары оның Еуропа мен Азия, Солтүстік пен Оңтүстік арасында орналасуы тұрғысынан маңызды мәнге ие. Елде жолдар желісін жасау үшін біз «Астана – Қарағанды – Алматы», «Астана – Павлодар – Өскемен», «Алматы – Қапшағай – Өскемен» автожолдарын салуды бастадық. Осы бағыттар бойынша пойыздар қазірдің өзінде екі есе жылдам жүріп жатыр.

Логистикалық қызмет көрсету секторын дамыту қажет.

Ең алдымен біздің жүктерімізді тасымалдау үшін Кеден одағы аумағын барынша пайдалану туралы сөз болып отыр. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің құрылысы да аяқталуға таяу, Парсы шығанағына шығу үшін Түрікменстан мен Иранға теміржол тартылды. Келешекте Қазақстан теңізге шығатын жолдары бар елдерде логистика орталықтарын құруға инвестиция салуға тиіс. Жүктерді кедендік өңдеу мерзімдерін қысқартып, шекара өткелдерінің өткізу мүмкіндігін арттырып, Ақтау портының қуаттылығын күшейтіп, экспорт-импорт операцияларының ресімдерін жеңілдету керек.

Біз ұзындығы 1200 шақырым болатын Жезқазған – Шалқар – Бейнеу жаңа теміржолын салып жатырмыз. Ол орталықтың көптеген аудандарына жан бітіріп, елдің шығысы мен батысын тікелей байланыстырады. Бұл орасан құрылыс 2015 жылы аяқталады. Бұл магистраль Каспий мен Кавказ арқылы Еуропаға шығуға мүмкіндік береді. Ал шығыста Тынық мұхиттағы Ляньюньган порты арқылы шығамыз,бұл жөнінде ҚХР-мен келісім бар.

Біз энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамытатын боламыз. Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет. Таяуда Еуроодақтың ірі компанияларының алғашқы ондығы Еуроодақтың әйгілі жасыл экономика тұжырымдамасы негізінде қабылданған энергетикалық стратегиясына қарсылығын жариялады. Еуроодақ оны жүзеге асырған төрт жылда 51 гигаватт энергия қуатын жоғалтты. Жасыл экономика бағдарламасымен жұмыс жүргізе отырып, біз осы қателікті ескеруіміз керек.

Астанадағы Дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықты болашақтың энергиясын іздеу және жасау жөніндегі озық әлемдік тәжірибені зерделеу мен енгізу орталығын құру үшін пайдалану керек. Мамандар тобы Назарбаев университетінің қолдауымен осы жұмысқа кірісуге тиіс. Біз қоғамдық көлікті отынның экологиялық таза түрлеріне көшіруге, электромобильдерді енгізуге және олар үшін тиісті инфрақұрылым қалыптастыруға жағдай жасауымыз керек. Еліміз бензинді, дизель отынын, авиация керосинін молынан өндіруді қажет етіп отыр. Жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салу қажет.

Сонымен қатар, ядролық энергетиканы дамытудың келешегін ұмытпау керек. Әлемнің таяудағы даму келешегінде арзан атом энергиясына деген қажеттілік өсе түсетін болады. Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы. Біз АЭС отыны үшін төл өндірісімізді дамытып, атом стансасын салуға тиіспіз.

Бесінші. шағын және орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Мұндағы менің ұстанымым айқын екенін білесіздер, оны талай айтқанмын. Экономикамызда шағын және орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Бізде шағын және орта бизнестің 800 мыңнан астам субъектісі бар, онда 2,4 миллионнан астам қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 млрд. теңгені құрап отыр.

Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес – біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін жеке меншік институтын заңнамалық тұрғыда нығайтатын кешенді шешімдер қажет. Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс.

Шағын бизнесті мамандандыруды келешекте оларды орта деңгейге көшіру перспективасымен дамыту шараларын қабылдау маңызды болмақ. Осы сектор субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген жөн. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындар төңірегінде дамуға тиіс. Мен Үкіметке индустрияландырудың екінші бесжылдығы жоспарын «Бизнес-2020» жол картасымен үйлестіруді тапсырдым. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа бастаған бизнесмендерге әдістемелік көмектің тиімді тетіктерін жасауы керек.

Алтыншы. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек?

Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс.

Таяудағы 3 жыл ішінде, 2017 жылға дейін орын жетіспеушілігін жойып, қажетті жерлерде елдегі барлық мектепті екі ауысыммен оқытуға көшіру керек. Үкімет пен әкімдер осы міндетті орындау үшін бюджет қаражатының бөлінуін қарастырғаны жөн. Таяудағы 2-3 жылда дуальдік, техникалық және кәсіптік білім берудің ұлттық жүйесінің негізін қалыптастыру керек. Келешекте жастардың техникалық білім алуын мемлекеттік кепілдендіруге көшіруді қарастыру қажет. Үкіметке 2014 жылғы 1 маусымға дейін осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Жетекші университеттерді академиялық және басқарушылық автономияға біртіндеп көшіруге жоспарлы түрде кірісу қажет. Үлгерімі жақсы студенттер мен оқушыларды қолдаудың тиімді жүйесін жасау қажет деп санаймын. Үкіметке 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап стипендиялар мөлшерінің 25 пайызға өсірілуін қамтамасыз етуді тапсырамын.

Екіншіден, денсаулық сақтау саласындағы басты басымдық – алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту. Міндетті медициналық сақтандыру енгізу мәселесін зерттеген жөн. Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық үшін ортақ жауапкершілігі – медициналық қызметтің барлық жүйесінің басты қағидаты. Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, жүйелі профилактикалық тексерілу – аурудың алдын алудың негізі.

Үшіншіден, жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек.

Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Олардан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.

Төртіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік пакеттерін қайта қарастырған жөн. Үкіметке азаматтық қызметшілер еңбекақысының жаңа үлгісін әзірлеуді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізуді тапсырамын. Ол қызметкерлердің еңбекақыларын денсаулық сақтау саласында – 28, білім беру саласында – 29, әлеуметтік қорғау саласында 40 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.

Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым келеді. Сондай-ақ, 5-10 адамға арналған арнайы квотаны енгізу мүмкіндігін қарастыруға болады.

Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады. Біздің барлық әлеуметтік институттар, үкіметтік емес ұйымдар, «Нұр Отан» партиясы осы жұмысты қолға алғандары жөн. Егер қажет болған жағдайда Үкімет бұл мәселені барлық компаниялармен бірлесе пысықтап, тиісті шешім қабылдауы керек. Мүгедектігіне және асыраушысынан айрылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы көлемін Үкіметке 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыруды тапсырамын. Мүгедектер бірлестіктері қызметінің құқықтық базасын жетілдірген жөн.

Үкіметтен бастап жергілікті әкімдерге дейінгі барлық мемлекеттік органдардың олармен жұмысын күшейткен маңызды. Кедейлік деңгейін одан әрі төмендетіп, жұмыссыздықтың өсуін тежеген жөн. Бұл ретте масылдық пиғылдың өрістеуіне жол бермеу маңызды.

Мемлекеттік көмек алушылардың барлығы үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімделуге көмектесетін бағдарламаларға міндетті қатысу туралы ереже енгізу керек.

Жетінші. Мемлекеттік институттар жұмысын жетілдіру. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Мемлекеттің үкіметтік емес сектормен және бизнеспен өзара іс-қимылының жаңартылған тәсілдері керек. Заң алдындағы теңдік құқық тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс.

Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс.

Аса маңызды міндет – сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны қалыптастыру және іске асыруды жалғастыру.Әкімшілік реформа қажетсіз қағазбастылық пен құжат айналымының қолайсыз үдерісіне айналмауға тиіс. Халық алдында есептілігін арттырып, нәтижеге деген жауапкершілігін күшейте отырып, жергілікті жерлердегі басқару органдарына көбірек дербестік беру керек. Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, биылғы 1 шілдеге дейін осы айтылған барлық мәселелер жөнінде кешенді ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұлттық компаниялар мен бюджеттік мекемелердің кадр саясатына меритократия қағидаттарын енгізуді жалғастыру қажет. Үкіметке «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысын 2015 жылғы 1 шілдеден бастап – 15 пайызға, ал 2016 жылғы 1 шілдеден бастап – тағы 15 пайызға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Мемлекетіміз бен қоғамымыз алдында тұрған әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы нақты міндеттер осындай. Біздің алдымызда оларды заң жүзіне және нақты шешімдерге айналдыру міндеті тұр.

Құрметті депутаттар және Үкімет мүшелері!

Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға ұмтылысымызды біз екі кезеңде жүзеге асыруымыз қажет.

Бірінші кезең XXI ғасырдағы «мүмкіндіктер көзін» пайдалана отырып, жаңғыру серпілісін жасау қажет болатын 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Қазақстан осы уақыт ішінде дамыған елдердің өткен жүзжылдықтағы индустриялық дүмпу кезінде жасағанын жүзеге асыруы қажет. Мұны іске асыруға әбден болады. Оңтүстік Корея, Сингапур осындай жолдан өтті. Бұл кезеңде біз экономикамыздың дәстүрлі салаларының қарқынды өсімін қамтамасыз етіп, қуатты индустриялық өңдеуші сектор құрамыз.

Екінші кезеңде 2030 – 2050 жылдар аралығында еліміздің ғылыми қамтымды және жасыл экономика қағидаттарына негізделген орнықты дамуын қамтамасыз ету қажет. Біз қуатты өңдеуші өнеркәсіп қалыптастырамыз.Дәстүрлі салаларда жоғары өңделген өнімдер шығаруға көшу жүзеге асырылып, ғылыми қамтымды экономиканың базасы ретінде инжинирингтік қызметтер дамиды.

Көп нәрсе қалай бастауға байланысты екенін ескере отырып, енді биыл атқарылуға тиіс шараларға тоқталайын.

Үкімет пен Ұлттық банкке осы жылға арналған нақты тапсырмалар беремін.

Бірінші. Үкімет биыл экономика өсімін 6-7 пайыз деңгейінде қамтамасыз етуге тиіс. Бұл орайда биылғы жыл қорытындысы бойынша, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім 14,5 мың доллардан кем болмауға тиіс.

Екінші. Ұлттық банк пен Үкіметке 2014 жылғы 1 мамырға дейін инфляцияны орта мерзімді перспективада 3-4 пайызға дейін төмендетудің кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын.

Үшінші. Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, 2014 жылғы 1 маусымға дейін Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді бағдарламасын әзірлеуі қажет.

Төртінші. Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, мемлекеттің қатысы бар барлық компанияларға талдау жүргізіп, жеке секторға берілетін кәсіпорындар тізімін анықтауы керек. Тура осындай жұмысты қалған мемлекеттік секторларда да жүргізу қажет. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Жекешелендірудің 2014-2016 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы қабылдануға тиіс.

Бесінші. Үкімет жылдың соңына дейін Астана және Алматы қалаларында агломерациялар қалыптастырудың 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиясы жобасын әзірлеуі керек.

Алтыншы. Үкімет халықаралық сауданы іске асыру кезіндегі кедергілерді алып тастау мәселелерін қарастыра отырып, Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлесін.

Жетінші. Төртінші мұнай өңдеу зауыты мен атом электрстансасының орны, инвестициялар көзі мен құрылыс мерзіміне қатысты мәселелерді Үкімет биылғы бірінші тоқсанның соңына дейін шешкені жөн.

Құрметті қазақстандықтар!

Менің серіктестерім!

Біздің Стратегия-2050-дегі басты мақсаттарға жетуді көздейтін барлық іс-әрекеттеріміз нақты қағидаттарға негізделуге тиіс.

Біріншіден, қабылданатын барлық шешімдердің прагматизмі мен эволюциялылығы қағидаты.

Экономикада, саясат пен әлеуметтік тұрмыста ешбір секіріске, жөнсіз сынақ пен авантюраларға жол беруге болмайды. Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да солай жылдам өзгеруге тиіс.

Екіншіден, өзара тиімді ашықтық қағидаты.

 Біз экономикамызға шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тартатын боламыз. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасаймыз. Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге байланысты.

Үшіншіден, бұл – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру қағидаты. Қарапайым адамдардың әлеуметтік көңіл-күйі біздің басты мақсатқа ілгерілеуіміздің маңызды индикаторы болуға тиіс.

Төртіншіден, бүкілхалықтық қолдау қағидаты маңызды мәнге ие.

Менің халыққа Жолдауым біздің мақсаттарымыз бен міндеттерімізді түсіндіретін басты құжат болып табылады. Әрбір министр, әкім, кәсіпорын басшысы осы Жолдауды түсіндіру жұмысына және оған баршаны қатыстыру ісіне жетекшілік етуге тиіс. Жолдаудың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан әрбір қазақстандық хабардар болуы қажет. Бұл «Нұр Отан» партиясы қызметінің негізгі мәселелерінің біріне айналады деп сенемін.

Ол үшін ең алдымен мемлекеттік қызметшілердің өздері Стратегиямыздың идеяларын білуге және мәнін терең ұғуға тиіс.

Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің бүкіл құрамының, барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы барлық осы міндеттерді орындауға бағытталуға тиіс. Жалпы, мемлекеттік органдардың құрылымы алдағы міндеттердің шешімімен үйлесім тауып, 2050 Стратегиясының мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі керек.

Қымбатты отандастар!

Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз!

Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.

Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.

Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

Біріншіден, бұл – Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.

Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Төртіншіден, бұл – индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.

Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.

Жетіншіден, бұл – еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік.

Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.

Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын!

Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған.

Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.

Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!

Қадірлі халқым!

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.

Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.

Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.

Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.

Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.

Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.

Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.

Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.

«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік! 

Астана, 2014 жылғы 17 қаңтар

Мемлекеттік рәміздер

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы – Қазақстан Республикасының  негiзгі мемлекеттiк рәмiздерінiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн және күннің сәулесі, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түпнегiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдүлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. Р. М. Е-ның авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

Текст Государственного гимна Республики Казахстан

Слова Жумекена Нажимеденова, Нурсултана Назарбаева

Алтын күн аспаны, 
Алтын дән даласы, 
Ерліктің дастаны, 
Еліме қарашы! 
Ежелден ер деген, 
Даңкымыз шықты ғой. 
Намысын бермеген, 
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан, 
Кең байтақ жерім бар. 
Бірлігі жарасқан, 
Тәуелсіз елім бар. 
Қарсы алған уақытты, 
Мәңгілік досындай. 
Біздің ел бақытты, 
Біздің ел осындай!

Қайырмасы: 
Менің елім, менің елім, 
Гүлің болып егілемін, 
Жырың болып төгілемін, елім! 
Туған жерім менің – Қазақстаным! 

Подстрочный перевод текста Государственного гимна Республики Казахстан:

В небе золотое солнце, 
В степи золотое зерно. 
Сказание о мужестве – моя страна. 
В седой древности 
Родилась наша слава, 
Горд и силен мой казахский народ.

Припев: 
О, мой народ! О, моя страна! 
Я твой цветок, взращенный тобой. 
Я песня, звенящая на твоих устах, 
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный 
И дорога, открытая в будущее. 
У меня независимый, 
Сплоченный, единый народ. 
Как извечного друга 
Встречает новое время 
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев: 
О, мой народ! О, моя страна! 
Я твой цветок, взращенный тобой. 
Я песня, звенящая на твоих устах, 
Родина моя – мой Казахстан. 

Музыка Шамши Калдаякова

Пікірлер мен ұсыныстар