Шетел азаматы қамаққа алынды
13/09/2017
Мұнайлы аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматы Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта Маңғышылақ станциясы вокзалында Т.-ның төлқұжатын тексеру кезінде оның Қазақстан Республикасының аумағына 2017 жылғы 1 маусымда келіп, осы уақытқа дейін ел аумағында заңсыз жүргені анықталған.
Сот шетел азаматының әйелінің ұлты қазақ және 1 баласы барын ескеріп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517- бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оны 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.
Қайнар:
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі