Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 611-бабының 1-бөлігімен Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Б. өзінің автокөлігін басқарып келе жатырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтамай, «Hyundai Accent» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жол қозғалысы ережесінің 2.1.8 тармағын бұзып, өзі қатысушы болып табылатын жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған.

Сот қаулысымен  Б. жоғарыда көрсетілген бап бойынша  кінәлі деп танылып, оған  бес айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінде 11345  теңге  әкімшілік айыппұл  салу түріндегі  әкімшілік  жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі