Жер учаскесі мәжбүрлеп алынған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» ММ-нің жауапкер, жеке кәсіпкер Т-дан жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы азаматтық іс қаралды.

Іс бойынша талап қоюшы Ақтау қаласының әкімдігінің ММ-нен жауапкер, жеке кәсіпкер Т-мен жасақталған келісім шарт негізінде, оған  Ақтау қаласы, әуежай мұнай базасының ауданында орналасқан жер учаскесіне саунаның құрылысын салу және пайдалану үшін  көлемі 0,05 га жер учаскесі берілген.

Бірақ, жауапкер жер учаскесін игермеген және нысаналы мақсатымен пайдаланбаған. Сондай-ақ, талапкермен жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану жөнінде жеке кәсіпкер Т-ға жазбаша нұсқама берілген.

Жер учаскесін пайдаланылуын тексеру туралы 10.02.2017 жылғы актісіне сәйкес, жауапкермен жер учаскесі осы уақытқа дейін игерілмегені және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталған.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қоюшының талап арызы қанағаттандырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі