Жеке кәсіпкер банкрот деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арызданушы ЖК Адильбаев Кенжебек Акбергенович Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына өзін банкрот деп тану туралы арызбен жүгінді.

Борышкер өз арызында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге дәрменсіз болған соң, оны банкрот деп тануды сұраған.

Азаматтық істі сотта қарау барысында салық тексеруі бойынша арызданушының бюджетке төленетін төлемдер бойынша  қарыз берешегі 13 838 989 теңге екені анықталған.

Борышкердің мемлекет алдындағы салық берешегі төрт айдан астам уақыт  орындалмаған және оны өтейтін ешқандай мүлкі немесе қаражаты жоқ.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен арыз қанағаттандырылып, ЖК Адильбаев Кенжебек Акбергенович банкрот деп танылды.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі