Жастар арасындағы қылмыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы М.Әбдімұқан және жетекші маманы А.Сәндібаева Маңғыстау Политехникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары арасында өткен кездесуге қатысып, «Жастар арасындағы қылмыс» тақырыбында  дәріс оқыды.

Дәріс барысында сот қызметкерлері қылмыс алдын-алу, оған жол бермеу тәсілдері мен мән-жайларды түсіндірді, мысалы ішімдікті шамадан тыс ішпеу, күш қолданбай кішігірім дауды шешу, дәлірек айтқанда атыс қаруын қолданудың тым қауіпті екені, жас балалардың ата-аналарының және аға ұрпақтың бақылауында болмауы туралы мәселелерге тоқталды.

Нақты тәжірибеден мысалдар айтылды. Жасөспірімдер арасында аса маңызды емес жанжалдарға байланысты аса ауыр қылмыстар жасалады. Нәтижесінде бір жағы қаза болады, ал екінші жағы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылады. Бұл мысалдардан басқа есірткі мен алкогольды заттардың қолданылуын болдырмау мәселелеріне тоқталды.

Шара соңында колледж жетекшісі тәрбие жөніндегі орынбасары Г.И. Асылбайқызы сот қызметкерлеріне өзінің алғысын білдіріп, осындай іс-шаралардың жасөспірімдерге пайдалы екенін айтты.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасоз кызметi
Пікірлер мен ұсыныстар