Жас судьялардың біліктілігі шыңдалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облыстық сотында жас судьялар қылмыстық және азаматтық істер бойынша көрініс ретінде сот процестерін өткізді.

Іс-шараға алқа төрағалары, облыстық соттың судьялары, жас судьялар қатысты.

Бұл күні облыстық соттың сот мәжілісі залында судья, прокурор, адвокат, сот приставы, сотталушы, жәбірленуші, куәлер рөлінде жас судьялардың өздері басты қойылымда ойнап, қатысушыларды актерлік қабілеттерімен тәнті етті.

Іс-шара барысында сөз алған қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қарабаев Ержан  жас судьялардың сот отырысын жүргізу тәртібіне оң  баға беріп, олардың біліктіліктері мен ойлау қабілеттерін, сөз сөйлеу шеберліктерін үнемі дамытып отыру қажеттігін қатаң ескертті.

«Судьялар сот төрелігін тек заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып шығаруы тиіс. Ал, жас судьялардың біліктілігін көтеру - біздің басты мақсатымыз болып табылады. Сондықтан, жас судьялардың  арасында мұндай тағылымды  шаралардың жиі өткізілуі олардың құқықтану саласындағы білімдерін шыңдап, сот жүйесі, сот процесі және сот рәсімдері саласындағы білімдерін кеңейтеді», - деді Ержан Қарабаев.

Іс-шара қорытындысы бойынша  судьялар құқық негізінде шиеленіскен жағдайларда шешім табу тәжірибелерімен бөлісіп, сотта медиацияны қолдану, тараптарды бітімге келтіру мәселелеріне басты назар аударды.

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі