Жаңаөзен қалалық сотында азаматтық іс медиация тәртібінде қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қалалық сотында талапкер И-ның жауапкер Д-дан қарыз ақшасын және сот шығындарын өндіру туралы  азаматтықісі қаралды.

Азаматтық істі қарау барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оны бекіту туралы өтініш жасады.

Келісім бойынша жауапкер Д. талап қоюшы И-ға 125 000 теңге қарыз ақшасын 29 мамыр 2017 жылға дейін қайтарып беруге міндеттенді, талап қоюшы талабынан бас тартты.

 Егер жауапкер ерікті түрде татуласу келісімін орындамаған жағдайда талапкер атқару парағын беру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінуге құқылы.       Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілді, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6-бөлігіне сай азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды және төленген мемлекеттік баж  қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Жаңаөзен қалалық сотының Баспасөз қызметі