Заңсыз жұмыс істеген үш шетелдік әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының үш азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде көші-қон полициясының қызметкерлерімен шетелдіктің жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, қасақана мұндай рұқсатты алмастан, Қазақстан Республикасында еңбек қызметін атқарып жүрген Өзбекстан Республикасының үш азаматы ұсталған. Үш шетелдік Қазақстан Республикасына жұмыс істеп,  табыс табу мақсатында келіп,  уақытша тіркеуге тұрып, тиісті органдардың рұқсатынсыз  құрылыс жұмыстарын жүргізіп, табыс тапқан.
Сот  үш шетелдікті жоғарыда аталған баппен кінәлі  деп танып, оларға 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын қолданды.

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі