Заңсыз салынған құрылысты өзінің есебінен бұзу міндеттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» ММ сотқа жүгінген талап арызында жеке кәсіпкер Г-ның Жаңаөзен қаласы, «Көктем» шағын ауданында жалпы көлемі 33х27 шаршы метр жер учаскесінде заңсыз құрылыс бастағанын, жауапкер меншігіне немесе пайдалануға ешқандай жер берілмегенін, құрылысты бастауға ешқандай органнан келісім алмағанын айтып, соттан жауапкерді өз бетімен салынған құрылысты өзінің есебінен бұзуға міндеттеуді сұрады.

ҚР Азаматтық Кодексінің 244-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекетке тиселі  жер учаскелері болып қалыптаспаған жерде, құрылысты жүзеге асырған тұлғаға тиесілі емес жер учаскесінде салынған, сондай-ақ бұл үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес қажетті рұқсат алынбай салынған тұрғын үй, басқа да құрылыс, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік өз бетінше салынған құрылыс болып табылады. Баптың 2-тармағына сай өз бетiмен салынған құрылыс, оны жүзеге асырған адамның есебiнен бұзылуға тиiс

Сот шешімімен талап қанағаттандырылып, жеке кәсіпкер Г-ға  Жаңаөзен қаласының «Көктем» шағын ауданында заңсыз өз бетімен салынған құрылысты өзінің есебінен бұзу міндеттелді.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі