Заңсыз есірткі заты «марихуананы» сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұнайлы аудандық сотында ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының  2- бөлігімен қылмыстық теріс қылық жасаған Н-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, Н. Мұнайлы ауданы, Жаңа-Дәулет селосында орналасқан автотұрақ аумағынан қағаз қиындысына оралған есірткі заты «марихуананы» тауып алып, заңсыз сақтаған соң, сол күні Мұнайлы ауданы, Маңғыстау вокзалы перронында сағат 14:40 шамасында Мұнайлы аудандық Ақтау станциясының ішкі істер жол бөлімінің қызметкерлерімен ұсталған.

 Сот үкімімен Н. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған  25  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 56725 теңгеге айыппұл жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының Баспасөз қызметі