Ұзақ бұзақылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай,  Б. Ақтау  қаласы, 22 шағын аудандағы «База ОРС» базарының аймағында темекі шегіп, тұқылын жерге лақтырып, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Сот қаулысымен  Б. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10  айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл жазасы қолданылды.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі