Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының Ақтау қаласының №2 сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Ақтау қаласының №2 сотының төрайымы Қ.Ж.Рысқалиева, соттың судьялары, Маңғыстау облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары Н.Н.Абугалиев, Маңғыстау облысының тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық ұйымының төрайымы Н.М.Рафикова және басқа да шараға шақырылғандар қатысты.  

Шарада Қ.Ж.Рысқалиева кездесуді өткізудегі негізгі мақсат пен міндет туралы айтып, сот қызметі үшін БАҚ-пен, ҮЕҰ-мен байланыс орнатудың маңызды екендігіне тоқталып өтті.

Аталған іс шараның тақырыбы ретінде«Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау туралы болды.

Осыған байланысты Ақтау қаласының №2 сотының судьясы А.Толықбаева «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы баяндама жасап, биылғы жылы аталған Заңға енгізілген өгерістер мен толықтырулар тұтынушылардың бұзылған құқығын толық қалпына келтіре алатынын, бұрын қолданыста болған заңдағы жіберілген кемшіліктердің орны толықтырылғанын атап өтті.

Шара соңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері өткізіліп отырған шараның мән-маңызының зор болғандығын жеткізіп, өздерінің ұсыныстарын білдіріп, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі