«Террористік акт қаупі орын алуы кезіндегі іс-әрекеттер және қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында «Террористік акт қаупі орын алуы кезіндегі іс-әрекеттер және қоғамдық қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік» тақырыбында  кеңес өткізілді.

Кеңесте сот төрағасы Б.Шайдуллин, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарақия аудандық бөлімшесі бастығы майор Ш.Б.Оғланбаев және жедел уәкіл лейтенант А.С.Байгенжин, Қарақия ауданы орталық мешіттің найб имамы И.Маханов, сот қызметкерлері қатысты.

Шараны өткізудегі мақсат терроризм мен экстремизмнің алдын-алу болып табылады.

Шарада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарақия аудандық бөлімшесі бастығы майор Ш.Б.Оғланбаев баяндама жасады. Баяндамада терроризм мен экстремизмнің жалпы түсініктерін, олардан туындайтын қауіп-қатер мен қиындықтардың, олар бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген жауапкершіліктер туралы айтып өтіп, слайд көрсетілді. 

Іс-шараға қатысушылар тақырып бойынша мәселелерді қызу талқылап, өздерінің ұсыныс-пікірлерін, ойларын айтты.

Шараны сот төрағасы Б.Шайдуллин қорытындылап, бірлесіп аталған жағдайдың алдын алуға шақырды.

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының баспасөз қызметі