Тергеу судьясының жұмысы сараланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотында тергеу судьясының құзырына жататын өтініштерді қарауда туындаған өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға судьялармен бірге, құқық қорғау, прокуратура органдарының өкілдері қатысты.

Тергеу судьясы Г.Байтұрова өз баяндамасында  2016 жылдың 1 тоқсаны мен 2017 жылдың 1 тоқсанында қаралған жадығаттар бойынша салыстырмалы статистика  көрсеткіштеріне тоқталып, талдау жасады. Яғни, тергеу судьясымен өткен жылы 1 тоқсанда барлығы 269 өтініш қаралып, аяқталған. Оның ішінде 13-і қанағаттандырусыз қалдырылып, 256 өтініш қанағаттандырылған. Осы мерзімде 3 жекеше қаулы шығарылған. Жалпы, 2016 жылы барлығы 19 жекеше қаулы шығарылған болатын.

2017 жылдың 16 наурызына дейін тергеу судьясымен 160  өтініш қаралып, аяқталған. Оның 22-сі қанағаттандырусыз қалдырылып, 138-і қанағаттандырылған. Осы күнге дейін барлығы 4 жекеше қаулы шығарылған.

ҚР ҚПК-нің 106-бабына сай прокурордың, қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне /әрекетсіздігіне/  және шешімдеріне  түскен шағымдар тергеу судьясымен қаралуда. Жиын барысында сотқа түскен осындай шағымдар да талқыланды.

Дөңгелек үстел басында тергеу судьясы тергеу және прокуратура қызметкерлерінің құжаттарды рәсімдеу барысында жіберген кемшіліктері туралы көрсетіп өтті. Атап айтқанда, бұлтартпау шараларына, қарап-тексеруді, тінтуді, алуды, жеке тінтуді және т.т. санкциялау кезінде бірқатар кемшіліктер орын алады. Шара соңында қатысушылар кемшіліктерді болдырмау жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты.

 

Қайнар: 
Ақтау қалалық сотының Баспасөз қызметі