Теңіз қарақшыларына үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық сотында ҚР ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігі, 392 бабының 1-бөлігімен  Әзірбайжан Республикасының азаматтары Ю.И., Э.И., Э.Н.-ларға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, аталған шетелдік азаматтар ҚР-ның Каспий теңізіндегі белгіленген шекарасын заңсыз кесіп өтіп, аулауға заңмен тыйым салынған 94 дана жалпы салмағы 287 келі бекіре тұқымдас балықтарды аулаған. Сот мәжілісінде сотталушылар өздерінің қылмыстарын толық мойындамағанымен, қылмыстық істегі бұлтарпас айғақтар, сот отырысындағы куәлардың жауаптары олардың қылмысын толық әшкерелеп берді. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттерінен мемлекет 2 391 858 теңге зиян шекті.    

Сот үкімімен сотталушылар Ю.И., Э.И., Э.Н. Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі, 392 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсына Қазақстан Республикасының аумағынан бес жылға шығарып жіберу жолымен, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бекіренің бел кеспесіне қызыққан шетелдік азаматтар жазаларын темір тордың ар жағында өтейтін болды.

Қайнар: 
Түпқараған аудандық сотының баспасөз қызметі