Темекі тартып, айыппұл төледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен Қазақстан Республикасы  ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен азамат Ф-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Ф. Ақтау қаласы 14 шағын аудан, 46-үйдің алдында, яғни қоғамдық орында темекі тартып болып, темекінің тұқылын сол жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластау арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып, жеке тұлғаларға сыйламаушылық білдірген.

Сот қаулысымен Ф. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1- бөлігімен (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер) кінәлі деп танылып, осы баппен оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 21 210 теңге айыппұл жазасы қолданылған.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі