Тараптар дауды партисипативтік келісіммен аяқтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында Г.-ның жауапкерлер П., Н.,З,О.-ға берген пәтерден шығару  және  П.-ның  Г.ға берген сатып алу – сату шартын бұзу туралы  азаматтық іс қаралды.

Талапкер сотқа берген талап арызында пәтердің иесі екендігін, оның пәтерге жеке меншік құқы тиісті органда тіркелгенін көрсетіп, жауапкерлерді пәтерден шығаруды сұраған.

Қарсы талап арызында  П. тараптардың араларындағы сатып алу –сату шартын сатып алушының пәтердің құнының 50 пайызын төлемеуіне байланысты бұзуды сұраған. 

Соттың ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Келісімге  сәйкес, тараптар пәтерді бірігіп сатып, түскен қаражаттан талапкерге берген сомасының өтемін қайтаруға келіскен.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі