Тараптар бітімгершілік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  талап қоюшы «К» АҚ-ның  жауапкер «Е»  ЖШС-нен 12 595 240 теңге зиянды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі ұсынылып, оған сәйкес «К» АҚ-ы  зиянды өндіру талабын азайтып, 3 400 000 теңге ҚҚС-мен қамтып,   жауапкерге келтірген зиянды өндіру талабын  3 400 000 теңгеге дейін азайтады және талап қоюшы қалған талаптарынан бас тартады.

Жауапкер «Е»  ЖШС-і талап қоюшы «К» АҚ-ның  3 400 000  теңге өндіру талабын мойындайды және сот тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіткен күннен бастап 10 күн ішінде аталған соманы төлеуге міндеттенеді.

Тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту үшінші тұлғалардың заңды мүдделерін бұзбайды және заңға қайшы келмейтінін ескеріп, сот дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітті.

Жауапкер тарапынан Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі орындалмаған жағдайда, талап қоюшы ұйғарымды мәжбүрлеп орындау үшін соттан атқару парағын алу жөнінде арыздануға құқылы.

Тараптарға ҚР Азаматтық процестік кодексінің 278-бабының 2-бөлігіне сәйкес іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіні түсіндірілді.

 «Салық және басқа бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»  кодексінің 548-бабының 1) тармағына сәйкес татуласу келісім жасаған кезде төленген мемлекеттік баж сомасы 377 857  қайтарылуға жатады.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының Баспасөз қызметі