Сыбайлас жемқорлық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған қылмыстардың бірі – сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті мәселелері, бұл яғни жалпыға мәлім ең алдымен ,қоғамға қауіптілігімен, құпиялылығымен,ерекше құрылымы мен экономикаға кері әсер етуімен,құқыққа қайшылығымен, күш көрсетумен және басқа да зиянды зардаптарымен сипатталады.

Қазақстан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасында бірінші болып 1998 жылғы 2 шілдеде қабылдаған. Сыбайлас жемқорлықтың тамыры мүлдем тереңде жатыр. Сондықтан жемқорлықпен күресті кезекті науқанға айналдырып, көп кешікпей түп - тұқиянымен жоқ қыламыз деуге әлі ертерек. Өйткені, «Сәке» мен «Бәкеден» бастау алған көңіл қимастық бүгінде бүкіл мемлекеттік құрылымының аяқ-қолын матап алған сыбайлас жемқорлыққа кең жол ашты.

2006 жылғы 01 наурыздағы Президенттің халыққа Жолдауында: «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында үнемі жұмыс істеп, ахуалды жақсартып келеміз, алайда бірқатар қаржы өнеркәсіп топтарының ақша ағыстарының ашық болмауы және олардың табысты жасыру, қаржы мен мүлікті шетелдерге шығару, салық төлеуден жалтару есебінен заңсыз баюы, сондай-ақ көлеңкелі экономика біздің дамуымыздың елеулі шектеулеріне айналып отыр. Нақ осы топтар өкілдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге шақырған ұрандары жер жарады. Сөзден іске көшетін уақыт жетті» делінген.

Қазақстан Республикасының Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Жолдауына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, Ақтау қаласының № 2 сотының жұмыс жоспарында белгіленген іс шараларды орындау мақсатында ай сайын «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» деген тақырып бойынша жедел мәжілістерімен мен  семинар сабақтары  өткізіледі.

Болашақта мемлекеттік саясатқа бірлесе әрекет етуге қадам жасауларына ықпал ету болып табылады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының талаптарын орындау барысында мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар жауапкершіліктерін көтеруге де бағытталған. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты –оның алдын алу, яғни, оның себептері мен шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.

Ақтау қаласы №2 соты баспасөз қызметі.