Судья дауды соттан тыс реттеу мен татуластыру рәсімдері туралы дәріс оқыды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мемлекет басшысының республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын орындау мақсатында Жоғарғы Сот ағымдағы жылдың ақпан айында медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтудің кезекті қадамы болып табылатын жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты.

 «Тұрмыс-Сервис» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында Қарақия аудандық сотының судьясы Н.Даргулова «Дауды соттан тыс реттеу мен татуластыру рәсімдері туралы» тақырыпта дәріс оқып, жаңа пилоттық жобаны көпшілікке таныстырды.

Судья аталған пилоттық жобаның  мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу мен шығару және кондоминиумді басқару, қарыз шарттарға қатысты, кейбір еңбек даулары және т.б. санаттағы даулар (жанжалдар) бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізуді қамтитындығын қатысушыларға түсіндірді.

Сондай-ақ, ол дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталған жаңа пилоттық жоба бұл институттың дамуына ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретіндігіне тоқталды.

Қатысушылар жаңа жобаға қолдау білдіріп, жаңашылдықтың кешікпей заңнамалық тұрғыдан бекітілуіне үміт артатындарын жеткізді.

 

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі