Сотпен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен шешу туралы келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен талап қоюшы жеке кәсіпкер А-ның жауапкер жеке кәсіпкер К.-дан 544 000 теңге қарыз ақшаны және 125 582 теңге тұрақсыздық айыппұлды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Тараптар азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсім тәртібімен шешу туралы келісімге келіп, келісім бойынша жауапкер 544 000 теңге негізгі берешегін және 75 000 теңге тұрақсыздық айыппұлды 20.11.2017 жылға дейін талап қоюшыға өтеуге міндеттеме алды.

Сот екі тараптың мүддесінде жасалған және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, тараптармен жасалған азаматтық іс бойынша дауды партисипативтік рәсіммен шешу туралы келісімді бекітті.

Ұйғарым заңды күшіне енді. 

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі