Сотпен бітімгершілік келісімі бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы №2 сотымен  «АқтауОйлМаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жұмышыларының жұмысберушіге берген еңбек жалақысын өндіру туралы талап арыздары бойынша азаматтық ісі қаралған.

Соттан талапкерлер жауапкерден барлығы 1 771 404 теңге көлемінде жалақы ақшаларын өндіріп беруін сұраған.

Сот отырысы барысында іске қатысушы тараптар азаматтық іс бойынша бітімгершілік келісімге келіп, олар соттан араларында жасақталған бітімгершілік келісімін бекітіп, азаматтық істі сот өндірісінен қысқартуды сұраған.

Тараптарға Қазақстан Республикасы АПК-нің 277, 278, 170-баптары түсінідіріліп, яғни іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арысындағы дау бойынша, сол нысына туралы және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіндігі айтылған.

Сондықтан іске қатысушы тараптардың арасында жасалған бітімгершілік келісімі бекітіліп, жұмысшылармен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауына нүкте қойылып, азаматтық іс сот өндірісінен қасқартылған.

Ұйғарым қазіргі таңда заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының Баспасөз қызметі