Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылыққа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында талапкер С. некені бұзу туралы талабы бойынша азаматтық іс бойынша сот отырысына жауапкер К.  30 минутқа кешігіп келгенімен қатар, сот отырысы барысында дөрекі іс-әрекеттерге барып, сотқа және іске қатысушыларға қасақана құрметтемеушілік көрсеткен. Жауапкер Қ. жасаған заңға қайшы әрекеттері істі қараушы судьяның назарынан тыс қалмай, сот қаулысымен  Қазақстан Республикасы  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 513-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде- 18 520 теңге айыппұл салынды.

Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі