Сот шешiмiн орындамағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау)  А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сот ұйғарымына сәйкес А-дан  Р-ның пайдасына 1 095 700 теңге қарыз сомасы өндірілген. Алайда, А.  сот орындаушысынан бірнеше рет ескерту қағазын ала тұра, осы күнге дейін сот ұйғарымын орындаудан жалтарған.

Сот қаулысымен А. ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге айыппұл жазасы қолданылды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі