Сот шартты жарамсыз деп тану туралы талап арызды қанағаттандырусыз қалдырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «ТССС»  ЖШС-ның  жеке кәсіпкер Х. арасында жасалған мәмілені жарамсыз деп тану туралы арызы бойынша азаматтық  іс  қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, талаптар арасында арнайы техниканы жалға беру туралы келісім шарты жасақталған, аталған шарт бойынша жауапкер экскаватор техникасын жалға беруге, ал талап қоюшы жалға алу ақысын төлеуге міндеттенеді.

03.12.2016 жылғы және 24.03.2017 жылғы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ЖШС-нен ЖК-дің пайдасына 9 000 000 теңге  және 8 070 000 теңге өндірілген.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, мәміленің шын мәнінде жасалғаны дәлелденеді, себебі аталған келісім-шарт бойынша жеке кәсіпкер өз міндеттемелерін толық орындаған, яғни арнайы техниканы жалға берген, ал ЖШС техниканы алғаны туралы екі жақта жұмыс жасақтау актісіне қол қойған.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қоюшының талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі