Сот отырысының хаттамаларын жасақтау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарақия аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 26 тарауы бойынша сот отырысының хаттамаларын жасақтау» атты тақырыпта  семинар сабағы өткізілді.

Семинарға аудандық соттың судьялары, кеңсе меңгерушісі Л.Кенжеева, сот қызметкерлері қатысты.

Аталған шара барысында судья Н.Даргулова  бірінші сатыдағы соттың әрбір сот отырысы туралы, сондай-ақ отырыстан тыс жасалған әрбір жеке процестік әрекет туралы жазбаша нысанда хаттама не сот отырысының аудио-бейнежазбасы жүргізілген кезде қысқаша хаттама жасалатындығын атап өтті.

Сонымен қатар, ол сот отырысының немесе отырыстан тыс жасалған жеке процестік әрекеттің хаттамасы істі талқылаудың немесе жеке процестік әрекет жасаудың барлық елеулі мән-жайларын көрсетуге тиіс екендігін түсіндірді.

  Шара соңында семинарға қатысушылар тақырып бойынша өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Қарақия аудандық сотының Баспасөз қызметі