Сот қызметкерлері әдеп нормасын талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Маңғыстау облыстық сотында «Мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртібі мен әдеп нормалары» тақырыбында семинар өткізілді.

Шараға Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Меңді Епенова, облыстық соттың бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңсе меңгерушілері мен мамандар қатысты. Семинар барысында ҚР-ның мемлекеттік қызмет туралы Заңы, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, еңбек тәртібі, оның сақталуы, орындалуы мәселері кеңінен талқыланды. Семинарда  Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің басшысы Қанат Нұрғабылұлы баяндама жасады. Ол «Мемлекеттік қызметшілердің әрекеті, тәртібі мінсіз болуы қажет. Сондықтан, Әдеп кодексінің орны ерекше. Мемлекеттік қызметшілер кодекстегі талаптарды қатаң сақтап, білімін, тәжірибесін ел дамуына арнауы тиіс. Себебі, ел дамуы, жетістікке қол жеткізуі мемлекеттік қызметтен бастау алады», - деді.

Персоналды басқару бөлімінің бас маманы Г.Жидебаева  «Жұмыс күндері еңбек тәртібі мен оның сақталуы маңызды екендігін»  айтты.

Сондай-ақ, шарада «Төрелік» бағдарламасына енгізілген соңғы жаңартулар және аталған сервиспен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді.

 

Қайнар: 
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі