«Сот кабинеті» сервисінің қызметі түсіндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға сот төрағасы М.Күздеубаев, судья К.Калауова және кеңсе қызметкерлері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері қатысты. 

Дөңгелек үстелде сөз алған сот төрағасы «Сот кабинеті» сервисінің артықшылықтарына тоқталды. Оның ішінде  азаматтардың уақыты мен қаржысын, бюджет қаражатын үнемдеуге, сот жүйесінің жеделдігін, азаматтардың сот ақпаратына қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуде аталған сервистің мүмкіншілігі мол екендігін жеткізді.

Одан әрі Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі  Г.Тлейбергенова арнайы дайындалған бейнесюжет арқылы  «Сот кабинеті сервисімен талап  арыздарды беру, хаттамаға электронды ескертулер беру, электронды өтініш беру, сот отырысының хаттамасымен танысуға өтініш  беру мүмкіндіктерін түсіндірді. Сондай-ақ, ол жеке және заңды тұлғалар  сотқа «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды ұсынуға құқылы екендігін атап өтті.

 

Қайнар: 
Жаңаөзен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі