Сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта тіркеу жұмысы басталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының №2 сотында «Сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды тіркеу тәртібі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына Ақтау қаласының №2  сотының төрағасы Қанзипа Рысқалиева, соттың судьялары және кеңсе мамандары қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде Қ.Рысқалиева 17.07.2017 жылдан бастап республика соттарында ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің тапсырмасымен сот бұйрығын шығару туралы арыздарды электронды форматта қабылдау тәртібі жүзеге асқанын атап айтты. Сондықтан кеңсе мамандары бұйрық шығару туралы арыздарды жаңа ережеге сәйкес электронды форматта тіркеуде. Ал, судьялар бұйрық шығару арқылы электоронды форматта тіркелген арыздарды уақытылы қарауға міндетті. Сот төрағасы бұдан бөлек судьялар мен кеңсе мамандары осы санаттағы істерді, яғни арызды беру және тіркеу сатысынан бастап сот актісін орындауға жібергенге дейін, бақылауда ұстау қажет екеніне тоқталды.

Қайнар: 
Ақтау қаласының №2 сотының баспасөз қызметі