Әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығы мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Ақтау гарнизонының әскери полиция жасағының  басшылығы және әскери қызметшілерінің қатысуымен  «Әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – әскери қызметшілерге қызметтен тыс уақыттағы қоғамдық тәртіп пен имандылыққа және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды ескертуге бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізу.

Семинар барысында судья Г.Сүйеуова Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы»: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауында бесінші басымдық, яғни мемелекет Басшысымен жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізуді жалғастыру керектігі жөнінде айтты. Осыған байланысты әскери қызметшілер әскери атағы мен лауазымына қарамастан, заң алдында тең және өзінің құқықтық жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген жауаптылықта болатынына ерекше назар аударды. Сондай-ақ, ол әскери қызметшілер қылмыстық, әкімшілік және өзге де құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауаптылықта болатынын сөз етті.

Шара соңында қатысушылармен аталғанг тақырып  бойынша  сұрақтар қойылып, оларға  тиісті жауаптар берілді.

 

Қайнар: 
Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының Баспасөз қызметі