Шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Маңғыстау аудандық соты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 394-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған К.-ға қатысты ісін қарады.

К. Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, уәкілетті органдардың рұқсатынсыз азамат «С». жұмыс жасап, жалақы алған, яғни Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзған.

К.-ның әрекеттері ҚР ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлігімен дұрыс дәрежеленген және жасаған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттеріне кінәсі  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерінің мәлімдемесімен, өзі жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның сот мәжілісінде берген түсініктемесімен дәлелденді.

Сот қаулысымен К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 394-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 1 /бір/ тәулік әкімшілік қамау жазасы қолданылды.

Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі