Шетел азаматы қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Мұнайлы аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматы Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта  Маңғышылақ станциясы вокзалында Т.-ның төлқұжатын тексеру кезінде оның Қазақстан Республикасының аумағына 2017 жылғы 1 маусымда келіп, осы уақытқа дейін ел аумағында заңсыз жүргені анықталған.

Сот шетел азаматының әйелінің  ұлты қазақ және 1 баласы барын ескеріп, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517- бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оны 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алу туралы шешім шығарды.

Қайнар: 
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар