Сауда орталығын пайдалануды тоқтата тұру туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «ТЖД» ММ-сі сотқа жауапкер «Т-П К» ЖШС-нің иелігіндегі сауда орталығын пайдалануды өрт қауіпсіздігі нормаларын бұзушылық толықтай жойғанша тоқтату туралы талап арыз келтірген.

Талапкер «ТЖД» ММ-сі талапкердің иелігіндегі объектіге жоспарлы өрт-техникалық тексеру жүргізіп, нәтижесінде өрт қауіпсіздігі нормаларының бұзушылықтарын анықтаған. Сот мәжілісінде талапкер өкілі талапты толықтай қуаттап, қанағаттандыруды сұраған. Жауапкер өкілі талаппен жартылай келісіп, кемшіліктер анықталғанын мойындаған. Мүмкіндіктеріне қарай кемшіліктерді жоюға жұмыстанып жатырғандарын, бірқатар кемшіліктердің тексеруден кейін жөнделгенін айтқан.

Сот талап арызды ішінара қанағаттандырды.

Сот шешімі заңды күшіне енген.

Маңғыстау облысы ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі