Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтау қалалық сотымен сотталушылар Г, М, К, Б. және Т. Ресей Федерациясының азаматтарына қатысты  қылмыстық іс қаралды. Олар қыркүйек айының 2013 жылы басқару тәртібіне қарсы қылмыс жасаған. Сотталушылар өзара алдын ала сөз байласып, «Байда» кішігірім жүзу құралында үш двигателімен жабдықталған кемеге көлемі 200 литр жанар майы бар 9 бөшкені салып,  РФ Дагестан Республикасын жағалау сызығымен  Каспий теңізіне шыққан. Келесі күні кемені «Укатный» аралына бет бұрып, Қазақстан Республикасының «Кулалы» аралының Түпқараған ауданында ҚР су территорясында орналасқан мемлекеттік шекарасын заңсыз өткен.

Сонымен, сотталушылар ҚР мемлекеттік шекарасынан белгіленген құжатсыз және тиісті рұқсатынсыз әдейі заңсыз өткен.

Заңды күшіне енген Ақтау қалалық үкімімен сотталушылар ҚР ҚК-нің 330 бабы 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан ауыру жазасы тағайындалған.

Сондай ақ аталған үкіммен «Байда» МПС 3 двигательді маркасы «Ямаха 200» «Ямаха 250» жүргізу құралдары мемлекет пайдасына тәркіленген.

Ақтау қалалық сотының баспа сөз қызметі