Пікір білдіріңіздер!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот жүйесінің ашықтығы және жариялылығы принциптерін жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысының тұрғындарының назарына!        

 

Маңғыстау облысында  судьялыққа тағылымдамадан өту үшін бос орындары жарияланған конкурсқа кандидаттардың іскерлік, кәсіби, моральдық тұлғалық қасиеттерін неғұрлым терең зерттеп білу,  тағылымдамадан өтуге ниет білдірген тұлғалар Қ.Нұрғабылұлы және Л.М.Кенжеева.

1. Нұрғабылұлы Қанат, 19 маусым 1984 жылы      Маңғыстау облысының Түпқараған ауданында  туылған, қазіргі уақытта Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімінің (кадр қызметінің) басшысы лауазымында  жұмыс жасайды.

2. Кенжеева Лариса Мадениетқызы, 2 қараша 1982 жылы Атырау облысының Құрманғазы ауданында туылған, қазіргі уақытта Маңғыстау облысы Қарақия аудандық сотының кеңсе меңгерушісі лауазымында  жұмыс жасайды.

Осы қызметкерлер  жөніндегі пікірлеріңізді, қосымша ақпараттарыңыз және мәліметтеріңіз болса, облыстық сотқа 19 қазан 2017 жылға дейін жолдауларыңызға болады.

 

Маңғыстау облыстық соты, 8 шағын ауданы 39 «В» ғимарат, жұмыс  телофондары: 701440, 701404.

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің персоналды басқару бөлімі.